Геннадий Головкин

"Іш пыстырды" Головкин Альварес Джейкобс жекпе-жегі туралы пікір білдірді

2504
12 раундқа созылған жекпе-жек Альварестің пайдасына шешілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Альварес пен Джейкобстың жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

"Бүгін ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе көрген жоқпын. Жай ғана жақсы спарринг-матч болды. Іш пыстырды. Жанкүйерлер бұдан да жақсысына лайық", - деп жазды Головкин инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетсек, бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ның шаршы алаңында мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс WBA Super, WBC және IBF белдіктеріне таласты.

"Канело" Джейкобсты жеңді – видео

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. "Канело" ұпай санымен жеңіске жетті.

Бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегін Геннадий Головкин де тамашалады.

2504
Кілт сөздер:
жанкүйерлер, кәсіпқой бокс, жекпе-жек, Джейкобс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Головкин жеңілмеген боксшы мен бұрынғы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады  
Головкин жаңа бапкерін таныстырды
Данияр Елеусінов Головкин үшін өз жекпе-жегінен бас тартты
Загрузка...