Спорт

Елеусіновтың экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды – видео

CC0 / / Боксшы
Боксшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Никарагуалық Маркос Мохика төртінші раундта нокаутқа түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Нью-Йоркте (АҚШ) америкалық нокаутер Гэри Антуан Расселл (9-0, 9 КО) мен никарагуалық Маркос Мохиканың (16-4-2, 12 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундтқа есептелген еді, алайда Расселл төртінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.

​Осылайша, америкалық кәсіпқой карьерасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді – оның бәрі нокаутпен аяқталды. Ал Мохика төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Тағы оқыңыз: Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді

Айта кетейік, 34 жастағы никарагуалық боксшы өткен жылдың қарашасында Данияр Елеусіновпен (6-0, 3 КО) жұдырықтасты – қазақстандық та оны нокаутқа жіберген болатын.   

 

Жаңалықтар
0