Әділбек Ниязымбетов

"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты

13471
(Жаңартылды 10:59 14.11.2019)
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Әуесқой бокстан әлем чемпионаты мен Лондон, Рио олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бокстан бас тартуының себебі мен неге бапкер болғысы келмейтінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Халық арасында "Күміс бала" атанып кеткен Әділбек Ниязымбетов өзінің боксқа қалай келгенін және бұл спорт түрінен неге бас тартқанын айтты. 

Казахстанский боксер Адильбек Ниязымбетов
Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов

"Күміс баланың" боксқа келуі

"Ақтау қаласында 2002 жылдан бері бокспен айналыса бастадым. Әкем кезінде спортшы болған. Ол балаларым чемпион болсын деп, ағам екеуімізді түрлі спорт үйірмелеріне апарып жүрді. Футбол, баскетбол, күреске қатыстық. Сосын келіп, боксқа тоқталдық. Марат Жәкиев жеке бапкерім болды. Бокске 13 жасымда келдім. 16 жыл бокс саласында жүрдім", - деді Ниязымбетов "Қарақатпен шай" бағдарламасына берген сұқбатында.

Ол әкесімен бірге бокс үйірмесіне алғаш барған сәтті еске түсірді.

"Менің әкем боксқа бергенде бапкеріме: баламның сүйегі менікі, еті сенікі деп айтқан. Ол кісі боксқа келіп, жаттығуға араласқан емес. Бапкеріме тапсырды. Ал менің бапкерім істегені екінің бірінің қолынан келе бермейді. Маған өзінің баласы сияқты қарады. Былай қарағанда, екінші әкем ғой" ,- дейді ол.

Тағы оқыңыз: Өткен жылы карьерасын аяқтаған қазақстандық танымал 10 спортшы

Әділбек бір сұқбатында Токиодағы олимпиададан кейін боксты доғарамын деген болатын. Алайда ол бұл спорт түріндегі карьерасына былтыр нүкте қойды. Ниязымбетов мұндай шешімді неге ерте қабылдағанын түсіндірді.

"Жас кезде темір көтердік. Қиын жаттығулар жасадық. Осының бәрінің белімізге әсері болды, денсаулығым сыр бере бастады. Бокс федерациясы мені Корея еліне жіберген. Жарық ауруына (грыжа) операция жасауға тура келді. Дәрігерлер  боксты ары қарай жалғастыру өте қиын болатынын айтты" , - дейді спортшы.

"Бапкер болу оңай емес..."

Ниязымбетов бокстан кейін қандай іспен айналысатынын әлі нақты шешпегенін де айтып кетті. Бірақ бапкерлік жолды таңдамайтыны анық. 

"Бапкер болу оңай шаруа емес. Үлкен жұмыс. Өзіңіздің балаңызды қалай тәрбиелейсіз, спортшыға солай қарау керек. Мен басқа балаға өз күшімді бере алмаймын. Өйткені күшімді өз-өзіме жұмсап тастадым.Талай жарыстарға шықтым. Бір жұмыс, бір саладан шаршап кетесің ғой. Әзірге қандай салада болатыным белгісіз. Бірақ бокс саласында емес. Бокстан көңілім қалған жоқ. Бірақ бапкер болмаймын дегенді айтқым келіп отыр. Бірақ әрдайым ақыл-кеңесімді айтып отырамын", - деді олимпиаданың екі мәрте күміс жүлдегері.

Ниязымбетов өзінің полиция лейтенанты атағын қалай алғанын да айтып берді. 

"Олимпиадаға қатысып, топ жарған спортшыларды сондай тізімге енгізіп қояды. Бұл өте жақсы. Спортты қойған кезде үлкен көмегі тиеді. Құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге байланысты ұсыныстар түсті. Бірақ бас тарттым. Басқа жұмыспен айналысқаным дұрыс деп ойлаймын", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды

Токио олимпиадасында кім топ жарады?

Ниязымбетов бір жылдан соң болатын олимпиада ойындарында кімнің топ жаруы мүмкін екеніне қатысты болжамымен бөлісті. Жүлделі оралады дегендерді атады. 

"Біздің құрама командада 10 салмақта 10 боксшымыз бар. 56 келі салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев, 64 келіде Төлтаев Санатәлі, 69 келіде Асланбек Шынбергенов, Абылайхан Жүсіпов, 75 -те Ерік Әлжанов , 81-де Бек Нұрмағамбетов ,  91 келіде Василий Левит, ең ауыр салмақ дәрежесінде құраманың капитаны - Қамшыбек Қоңқабаев бар. Осы жігіттерден үміт күтуге болады. Олар олимпиада ойындарында үздіктер қатарынан көрінеді деген сенім бар", - дейді спортшы.

Боксшының жеке өмірі 

Ниязымбетовтың бір ағасы мен екі  қарындасы бар. Бойдақ жігіт неге үйленбейсің, болашақ жарыңа қандай талап қоясың деген сауалдарды жиі естиді. Бұл жолы да қысқа жауап қайырды.

"Ең бастысы, үлкендерді, әке-шешемді сыйлауы керек. Иманды, ибалы болуы керек деп ойлаймын. Бірақ әлі таппадым. Мүмкін көрмей жүрген шығармын. Әйел адамның жолы - күйеуінің көңілінен шығу. Күйеуі жақсы табыс табатын болса, әйел адамға жұмыс істеудің не керегі бар? Әке-шешемнің разылығынан шықса, сол кісілер мәз болса, көмегін тигізсе, соның өзі жеткілікті деп ойлаймын", - деді Ниязымбетов. 

"Оның бәрі - сатқындық"

Сұқбат барысында Қарақат Ниязымбетовтен адамдардың сені сатып кеткен кезі болды ма, сатқындықты кешіре аласыз ба деп сұрады. 

"Мұндай жағдай болды. Еркектің бір сөзінде тұрмай, алдап кететін, оның бәрі - сатқындық. Кешіре алмаймын. Мұсылман мұсылманға кешірімді болуы керек дейді. Бірақ ол адамды мен кешірсем, ол тағы басқа адамдарды алдайды. Ол ісін тоқтатпайды деп ойлаймын. Сондықтан мен ондай адамды кешіре алмаймын", - деді.

Алдағы жоспары

Ал мұсылманның қанша парызын өтеп жүрсіз деп сұраған көрермен сауалына:

"Бес уақыт намазымды оқимын. Алдамаймын, өтірік айтпаймын. Тек Меккеге барып көрмедік деп ойлаймын. Жалпы жоспарда бар, әрине", - деп жауап берді.

Жуырда астанаға көшіп келген боксшы алдағы уақытта Америка немесе Англияда білімін шыңдауды жоспарлап отыр екен. 

13471
Кілт сөздер:
спорт, Әділбек Ниязымбетов
Тақырып бойынша
Левит пен Ниязымбетов миллионер болды
Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусінов арасындағы дауға пікір білдірді
"Біздің дәлеліміз бар" Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын аяқтады
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды

41
(Жаңартылды 15:13 27.05.2020)
Ол бұған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлады Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қызметке тағайындалды 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманы 2016 жылдан бері басқарып келген Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бақыт Ахметов туралы не білеміз?

Бақыт Ахметов 1979 жылы Шымкент қаласында туған. Азия чемпионы және қола жүлдегері (2004, 2007), Азия ойындарында алтын және қола жүлде (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

41
Кілт сөздер:
бас бапкер, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  
Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирде алтын медаль ұтты
Зілтемірші Майя Манеза істі болды
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео
Архивтегі фото

Бокстан Ресей құрамасы Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

23
Ресей ерлер командасы келесі айдың соңында Қазақстан құрамасымен бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресейдің бокстан ерлер құрамасы маусымның соңы мен шілденің басында Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

"Біз Қазақстандағы оқу-жаттығу жиынына ұшуды жоспарлап отырмыз, онда біз Қазақстан, Өзбекстан және Украинаның боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді", - деді бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық төрт боксшы Венгрияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты  

Сондай-ақ, жаттықтырушының айтуынша, жиын 22 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Жаттығудың соңғы бес күні жоғарыда аталған қарсыластармен ұрыс жаттығуы түрінде өтеді.

"Одан әрі 3-12 тамызда Сочиде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, арнайы жұмыс жүргіземіз. Біз оған Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Куба, Франция құрамаларын шақырғымыз келеді", - деп өз жоспарын жариялады Фархутдинов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында ұлттық құраманың карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарлағаны туралы жазылған болатын – ол мамырдың соңында басталуы керек.

23
Кілт сөздер:
оқу-жаттығулар, бокс
Тақырып бойынша
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

88
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

88
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр