Головкин - Альварес жекпе-жегі

"Сандалып жүрді" Жаңа бапкер Головкиннің бокстасу мәнері ұнамайтынын айтты

5028
Джонатан Бэнкстің кездесудің көп бөлігінде сылбыр қимылдайтын боксшыны суқаны сүймейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкс шәкіртінің Сауль "Канело" Альвареске қарсы қос кездесудегі бокстасу мәнерін жіті зерттегенін мәлім етті, деп хабарлады Prosports.kz.

"Головкиннің рингте сандалып көп жүргеніне бәрі куә болды. Керек кезде белсенділік таныта алмады. Мен бұл жігіттен үлкен талант көремін, бірақ агрессивті бокс көрсетіп, соққыларды жиі жұмсау керек деп ойлаймын. Бір қаруға ғана негіз артып, кездесудің көп бөлігінде сылбыр қимылдайтын боксшыны суқаным сүймейді", - деп мәлімдеді Джонатан Бэнкс Nypost.com порталына берген сұқбатында. 

Головкин мен "Канелоның" 3-кездесуі нокаутпен аяқталады: жеңімпаздың аты аталды

Айта кетейік, Геннадий үшін "Канелоға" қарсы екі жекпе-жек те сәтті болмады – біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.

Головкин 9 маусымда Нью-Йорк қаласында канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.

5028
Кілт сөздер:
бапкер, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты жағымсыз дерек шықты
Санчес Головкиннен бөлінген соң "Канеломен" үшінші кездесудің жеңімпазын атады
Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусінов арасындағы дауға пікір білдірді
Фируза Шарипова: Головкинге қатты қапа болдым
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Загрузка...