Геннадий Головкин

Головкиннің жекпе-жегі Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде көрсетіледі

775
Дауыс берушілер тікелей эфирде қазақстандық боксшының кездесуін тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН,  30 мамыр  —  Sputnik. Сайлаушылар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың жекпе-жегін Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде көре алады.

"Біздің белгілі боксшы Геннадий Головкиннің халық тағатсыздана күткен жекпе-жегі таңғы  сағат  7:00 мен 10:00 аралығында болады. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру залынан бөлек бөлме дайындап жатырмыз. Ол жерде Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалауға болады", - деді елорда әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов.

Кездесу Madison Square Garden аренасында өтеді.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды

Әкім орынбасары сайлау күні астанада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болатынын айтып өтті.

775
Кілт сөздер:
сайлау, жекпе-жек, Головкин, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусінов арасындағы дауға пікір білдірді
Санчес Головкиннен бөлінген соң "Канеломен" үшінші кездесудің жеңімпазын атады
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты жағымсыз дерек шықты
"Сандалып жүрді" Жаңа бапкер Головкиннің бокстасу мәнері ұнамайтынын айтты
"Майкл Джексонды көрсетемін!" Головкин журналистердің көңілін көтерді – видео
Загрузка...