Мохаммед Салах

Жанкүйерлер танымал футболшыны мешітке жібермей қойды

222
(Жаңартылды 08:22 06.06.2019)
"Ливерпуль" клубының танымал мысырлық футболшысы екі жылда алғаш рет туған ауылына келіп, жұртты дүрліктірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Танымал мысырлық футболшы Мохаммед Салах журналистер мен фанаттардың кесірінен мешітке барып, дұға оқи алмағанын айтып шағымданды.

"Ливерпуль" Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жеткеннен кейін, Салах Мысырға оралған кезде, Эль-Шаркия провинциясындағы туған ауылы Нагригке фанаттар мен журналистер ағыла бастады. Олар сүйікті спортшысы сыртқа шығуы үшін айғайлап шуласқан. Ақыры соңында футболшы Рамазанның соңғы күні мешітке барып, дұға жасай алмады – мешітке әкесі, әйелі мен қызы ғана барды, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиғаға қатысты пікірін Салах Twitter желісіндегі парақшасында білдірді.

​"Кей журналистер мен қарапайым адамдардың кесірінен дұға жасау үшін мешітке бара алмадым. Мұның ыстық ықыласқа еш қатысы жоқ. Бұл – адамның жеке өміріне деген құқығын сыйламау және кәсіби біліктіліктің жоқтығы", - деп жазды Салах.

Айта кетсек, Мохаммед Салах Мысыр шабуылшыларының үздік бестігіне кіреді, Чемпиондар лигасы-2019 жеңімпазы, 2017 және 2018 жылғы Африканың үздік футболшысы.

Тағы оқыңыз: Әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызды

"Ливерпуль" 1 маусымда Чемпиондар лигасының финалында "Тоттенхэм" командасын ұтып, 2005 жылдан бері бірінші рет кубогті қанжығасына байлады. Салах бірінші голды матчтың екінші минутында пенальтиден соқты.

222
Кілт сөздер:
мешіт, жанкүйерлер, футболшы
Тақырып бойынша
Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты
Әуе апатына ұшыраған танымал футболшы өлер алдында хат жазып қалдырған
Футболшы матч кезінде көз жұмды – қайғылы оқиғаның видеосы
Роналду спортқа қатысы жоқ рекорд жасады
"Қазақтың Мессиі" еуропалық клубқа ауысты
Ешкім күтпеді: футболшы пенальтиден таңғажайып гол соқты – видео
Әлемнің әр елінен жиналған қазақтар шағын футболдан өзара сайысқа түсті
Загрузка...