Серік Сәпиев

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

4174
ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестің төрағасы бір жылға сайланып отырады

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Серік Сәпиев ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне сайланды. Аталған шешім Щучинскіде өткен кеңес отырысында қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы жаңа қызметті қатар атқара береді. ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңес төрағасының мерзімі - бір жыл.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетовтің інісі жаңа қызметке тағайындалды

"Мәселен, бүгінде ТМД-ға мүше елдердің спорт саласын цифрландыру жоспарланып отыр. Серік Сәпиев осы мәселемен де айналысады. Қазіргі кезде біздің елімізде цифрландыру шаралары атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар "Зерде" холдингімен бірлесіп пысықталуда. Сонымен қатар, ТМД-ға ортақ стратегия бар. Онда допингтен бастап цифрландыруға дейін барлық шара бар. Кеңес төрағасы соның бәрін үйлестіріп отырады", - дейді комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

Оның айтуынша, кеңестің келесі отырысы 2020 жылы Татарстан республикасында өтеді. Сол жерде кеңестің жаңа төрағасы сайланады.

Тағы оқыңыз: Сәпиев джиу-джитсумен айналыса бастады

Айта кетейік, осы жолы Щучинскіде өткен отырыста спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқыланып, цифрлық технологияларды енгізу жайы қаралды. Бұдан бөлек, ТМД-ның осы саладағы 2021-2030 жылдарға арналған стратегияның жобасы пысықталды.

4174
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Серік Сәпиев
Тақырып бойынша
"Біздің дәлеліміз бар" Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді
"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
Бұрынғы әлем чемпионы Жанқош Тұраров туралы не ойлайтынын айтты
Депутат Серік Сәпиевтің алғашқы сұхбаты
Мұхамедиұлы Серік Сәпиев пен Қайрат Нұртасты воркаутқа шақырды
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

1092
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

1092
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Архивтегі фото

Павлодар әкімдігі жаңа футбол клубының тек қағаз жүзінде бар екенін хабарлады

59
(Жаңартылды 18:58 03.08.2020)
Облыс әкімдігі жаңа футбол клубының құрылғаны туралы ақпаратқа түсінік беріп, қазір Павлодар футболының "Ақсу" ФК-ға баса назар аударып отырғанын атап өтті  

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есембаев өңірде футболды дамыту жоспары туралы хабарлады. Оның айтуынша, өткен аптада әлеуметтік желіде талқыланған жаңа "Павлодар" футбол клубы тек қағаз жүзінде ғана бар. Қазір басты назар "Ақсу" футбол клубын дамытуға аударылып отыр.

Оның айтуынша, павлодарлық "Ертіс" ФК төңірегінде туындаған мәселелерден кейін Павлодар футболын дамытудың бірнеше нұсқасы қарастырылды, оның ішінде "Павлодар" футбол клубын құру да бар.

Алайда белгілі футболшылар Талғат Байсуфинов пен Юрий Ишутин өз жоспарын ұсынған, онымен облыс басшылығы келісті. Қос футболшының жоспарына сәйкес, "Ақсу" ФК-ның алдына келесі жылы екінші лигадан бірінші лигаға өту міндеті қойылды. Сонымен қатар легионерлер клубқа қабылданбайды, жергілікті кадрларға басымдық беріледі.

Оқи отырыңыз: "Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото 

Қазірдің өзінде "Ақсу" ФК бюджеті белгілі болды. Футбол клубына 45 миллион теңге, сонымен қатар балалар футболын дамытуға қосымша 15 миллион бөлінді. Ойыншылардың жалақысы 60 мың теңгеден басталады, үздік футболшылар 300 мың теңгеге дейін жалақы алады.

"Ертістің" тағдыры не болады?   

"Ертіс"ФК-ға келетін болсақ, оны ешкім банкротқа ұшыратпайды, деп мәлімдеді спикер. Клуб орнында тұрады, егер оны дамыту үшін демеушілік қаражат болса, қайта іске қосылады. Алайда қазір басты міндет – клубтың қарызын өтеу. Әзірге клубтың барлық шоты бұғатқа алынған, сол себепті оның жұмысы туралы сөз қозғалмайды. Облыс басшылығы демеуші іздеп жатыр, алайда әзірге мақтанатындай жаңалық жоқ.

Сонымен қатар Нұрлан Есембаев "Ертіс" ФК-ның қомақты қарызы бойынша тергеу жалғасып жатқанын растады. Журналистердің сұрағына ол Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Марат Айдашевтың жұмыстан босатылуы "Ертіс" футбол клубының мүшкіл халіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Оның атқармаған бірқатар міндеті болды, сондықтан жұмыстан кету туралы өтініш жазды", -деді спикер.

59
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, футбол
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

0
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды