Спорт

Головкин Роллсты нокаутқа түсіргеннен кейін: Бұл үлкен сыйлық болды

© AP Photo / Frank Franklin IIБой Головкин - Роллс
Бой Головкин - Роллс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсіргеннен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты.

12 раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта Геннадийдің жеңісімен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

"Мен өзімді жаңа туған баладай сезінемін. Ең алдымен, мені қолдауға келген жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Стив Роллсты сынап көрдім, бір-екі раунд жұмыс істеуге мүмкіндік бердім. Ол осал емес екенін көрсетті, алайда соққысы әлсіз екен, аса сезіне қоймадым. Мен рингке қайта оралдым. Фанаттарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, қазақстандық жанкүйерлеріме көп рахмет. Бұл барлығы үшін үлкен сыйлық болды!, — деді GGG жекпе-жектен кейін рингте.

​Айта кетейік, жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирде көрсетті. WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен ұтылған болатын. Жақында GGG өз бапкерін ауыстырды. Бүгінгі жекпе-жекке ол жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге шықты.

Жаңалықтар
0