Боксшының қолғабы

Қазақстандық боксшы мексикалықты нокаутқа түсірді видео

1257
Жекпе-жек Мексиканың Тихуана қаласында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 мауым – Sputnik. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (5-1, 3 КО) бүгін кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді.

Ол Мексиканың Тихуана қаласындағы бокс кеші аясында жергілікті спортшы Даниэл Армандо Валенсуэламен (36-37-2, 21 КО) жекпе-жек өткізді. Алты раундқа жоспарланған кездесуде Сағадат нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madiyar Ashkeyev (@madiyar_ashkeyev_official)

Бұл кездесу Рахманқұловтың Мексикада алғаш рет өнер көрсетуі. Бұған дейін ол тек АҚШ-та ғана жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық спортшының кәсіби рингтегі ісімен белгілі Top Rank промоутерлік компаниясы айналысады.

1257
Кілт сөздер:
видео, нокаут, Мексика, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
Жойқын соққы: жылдың үздік нокаутының видеосы жарияланды
Боксшы қарсыласын небәрі 140 секундта жойқын нокаутқа түсірді - видео
Головкин Роллсты жойқын нокаутқа түсірді – видео
Абель Санчес: Головкиннің Роллсқа қарсы айқасы мені қызықтырған жоқ
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі: Альвареспен өтетін трилогия мерзімі нақтыланды

330
(Жаңартылды 21:04 28.06.2020)
Қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі жыл соңына дейін өтеді деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жыл соңына дейін рингке оралатыны белгілі болды. Ол келесі жекпе-жегін поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізеді.

Шереметаның промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, олардың айқасы қазан немесе қараша айына жоспарланған.

"Біз қазірше қазан айының екінші немесе үшінші сенбісін (10 немесе 17 қазан) яки қарашаның алғашқы сенбісін (7 қараша) белгілеп отырмыз", - деді ол.

Бұл 2020 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) трилогиясы өтпейтінін білдіреді. Болжам бойынша, олардың жекпе-жегі 2021 жылдың алғашқы жартысында, дәстүрлі мексикалық "Синко де майо" мерекесіне орай өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин

330
Кілт сөздер:
Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды
Головкин жарақат алып қалды
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Головкин – "Канело" жекпе-жегі туралы тың ақпарат шықты
Головкин "Канеломен" қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты
Суда жүзу, архивтегі сурет

ТМД елдерінің спорттық сайысы қашан өтеді?

45
(Жаңартылды 18:35 28.06.2020)
Спорттық ойындар жарысы алғаш рет тамыз айында өтеді деп жоспарланған. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ТМД елдерінің спорттық ойындар жарысы 4-11 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрі бойынша бақ сынайтын сайысты ұйымдастырушылар қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде өткізуді жоспарлап отыр.  

"Қазіргі кезде жарыстың өтетін күнін нақты белгілеу үшін Ресей федерациясымен келіссөздер жүргізілуде", – делінген хабарламада.

ТМД елдерінің спорттық ойындарына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары қатысады.

Ал спортшылар армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша өзара бақ сынайтын болады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы спорт кешендері инфекциялық госпиталь ретінде қолданылады

Айта кетейік, ұйымдастырушылар мәліметіне сүйенсек, коронавирус індетіне  байланысты жағдай тұрақсыз күйде қалса, сапорттық шараны өткізу мерзімі де өзгертілуі мүмкін.

45
Кілт сөздер:
ТМД елдері, спорт
Тақырып бойынша
Дәурен Абаев спорт саласына басшылық қызметке келді
Қазақстанда бұқаралық спорт шараларының барлығы тоқтатылды
Спорт министрлігі Қазақстандағы спорт шараларын тоқтатқан жоқ
Алматыда мемлекеттік спорт ұйымдарында оқу-жаттығу жұмысы тоқтатылды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0