Геннадий Головкин

IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады

3156
Халықаралық бокс ұйымы әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik.  Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ретінде кімді көргің келеді деген сауалнама IBO-ның Twitter-дегі парақшасында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орында – Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО). Оған бокссүйер қауымның 59%-і дауыс берген. Одан кейін Деметриус Андраде (27-0, 17 КО), Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) және Джермалл Чарло (28-0, 17 КО) жайғасты.

​Айта кетейік, Геннадий Головкин IBO белбеуін 2011 жылы жеңіп алған. Қазақстандық боксшы 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Канело Альварестан жеңіліп, белбеуіне айырылып қалды.

Тағы оқыңыз: "Канело" өзін жекпе-жекке шақырған Головкинге күтпеген жауап берді

Головкиннің соңғы жекпегі 9 маусым күні өтті. Ол канадалық боксшы Стив Роллсты (19-1, 10 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірді. Кейін отандасымыз мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.

3156
Кілт сөздер:
қарсылас, IBO, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
"Біздің дәлеліміз бар" Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Головкиннің даулы жекпе-жегі, "Астананың" жеңісі, допинг дауы: Биыл спортта нендей жаңалық болды?
Голливудтың танымал актері Головкин туралы фильм түсірді
Бұрынғы әлем чемпионы Жанқош Тұраров туралы не ойлайтынын айтты
Загрузка...