Дмитрий Баландин

Спорт министрі Қазақстан Олимпиадаға қанша жолдама алып үлгергенін айтты

162
(Жаңартылды 08:54 21.06.2019)
Токиодағы Олимпиада ойындарына 400 күн қалды, Қазақстанда 5 лицензия бар

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпидасына дайындық жұмыстары туралы айта келе, Қазақстанның ұлттық құрамасы 20 спорт түрінен сынға түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің дерегінше, бұл додаға әлемнің 205 мемлекеті қатысады, 33 спорт түрінен 343 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

"Жоспар бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы 20 спорт түрінен сынға түседі. Олардың арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары және тағы басқа спортшылар бар", - деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін отандық спортшылар 5 лицензия жеңіп алған. Биыл тағы 28 лицензиялық әлем чемпионаты, 19 Азия чемпионаты, 12 әлемдік іріктеу турнирі өтеді. 2020 жылдың шілдесіне дейін қазақстандық спортшылар 50-ден астам әлем кубогына қатысады. Соның нәтижесінде рейтингілік ұпай жинауға мүмкіндік бар. Осылайша, үздік шыққандарға жолдама беріледі.

"Бүгінде лицензия саны 2016 жылғы Олимпиададан кем болмауы керек деген міндет қойылып отыр. Біздің спортшыларымызға үлкен табыс тілейміз!", - деп атап өтті Райымқұлова.

Айта кетейік, үш жыл бұрын өткен Рио Олимпидасына Қазақстан 27 спорт түрінен 100-ге жуық лицензия ұтып алған болатын.

Токио Олимпидасына жолдама алып үлгерген спортшылар: Георгий Шейко (жеңіл атлетика, спорттық жүріс), Евгений Гидич (велошоссе), Дмитрий Баландин (жүзу, 200 м/брасс), Виталий Худяков (ашық суда жүзу, 10 километр),  Денис Ганькин, Санжар Мусаев пен Ильфат Абдуллин (садақпен ату, классикалық садақ).

162
Кілт сөздер:
жолдама, Токиодағы Олимпиада
Тақырып бойынша
"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
Сәтсіз Олимпиада, GGG-"Канело", көкпар дауы: 2018 жылғы спорттағы жеңілістер
Ильиннің Катардағы турнирде жарысқа неге шықпағаны белгілі болды
Илья Ильин Токио олимпиадасына жолдама алу үшін бақ сынайды
Аяқ-қолынан айырылған чемпион өміріндегі адам шошырлық жайттарды әңгімеледі
Загрузка...