Спорт

Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек

© Sputnik / Айгюзель КадирОлимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов
Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олимпиада чемпионының пікірінше, Альварес Головкиннен едәуір жылдам, техникасы да мықты

НҰР-СҰЛТАН, 23 мауым – Sputnik. Танымал қазақстандық боксшы, 2000 жылғы Олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибрайымов Sports.kz порталына берген сұхбатында Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекке шықпау қажеттігін айтты.

Тағы оқыңыз: Головкин мен Альварестің үшінші кездесуінде кім жеңеді – маман пікірі

Журналист "Головкин енді жаңа бапкер Джонатон Бэнкспен жұмыс істейді. Бұл шешім оның карьерсын дамытуға қалай көмектесуі мүмкін?" деп сұрады.

"Ашығын айтайын, жаңа бапкер Головкинге қандай да бір жаңашылдық ұсынып көреді, алайда бұған Геннадийдің өзі қабілетті болуы тиіс, іліп әкетуі керек. Уақыт ешкімді аямайды. Сондықтан Головкин бір-екі жекпе-жек қана өткізуі керек, дегенмен еш уақытта Альвареспен кездесудің қажеті жоқ", - деді Олимпиада чемпионы.

Ермахан Ибрайымовтың пікірінше, Альварес едәуір жылдам, техникасы да мықты.

"Ендігі Головкиннің жылдамдығы жетпейді. Альварес жылдамырақ. Уақыт өз дегенін істейді. Рингтен әдемі кетіп, кәсіпқой бокста менеджер немесе промоутер болуы керек. Өзім де рингке шығып жұдырықтастым, сондықтан уақытты мойындау керек екенін білемін", - дейді ол.

Ибрайымов әңгіме арасында Геннадий Головкин Қазақстанды жоғары деңгейде танытқанын атап өтті.

"Біз оған лайықты бағасын береміз, зор құрметпен қараймыз. Алайда барлығы аяқталады", - деп сөзін түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0