Садриддин Ахмедов, архивтегі сурет

21 жастағы қазақ боксшысы мексикалықты 90 секундта жеңді нокауттың видеосы  

20533
(Жаңартылды 11:01 30.06.2019)
Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) Канаданың Тетфор Мин қаласындағы бокс кешіне қатысты.

Оның қарсыласы мексикалық Даниэль Вега Кота (14-3-1, 11 КО) болды, деп хабарлады Sports.kz.

Тағы оқыңыз: Садриддин Ахмедов қазақ па, өзбек пе – боксшы өзі жауап берді

Сегіз раундқа есептелген бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Ахмедов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы 90 секундтың ішінде екі рет нокдаунға түсті. Жекпе-жектің видеосын төменде көруге болады.

Ахмедовтың бұл кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі, ал Кота төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой бокстағы екі чемпиондық белбеуді иеленіп үлгерді – WBC "жастар" титуы мен бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі. Сондай-ақ Садриддин әуесқой бокста жастар арасында әлем чемпионы атанған.  

20533
Кілт сөздер:
видео, нокаут, Садриддин Ахмедов, Мексика
Тақырып бойынша
Екінші чемпиондық белбеуін иеленген Ахмедовтың соңғы жекпе-жегінің видеосы жарияланды
Жеңілмеген қазақ боксшысы Алматыда чемпиондық белбеуге таласады
26 жастағы қазақ боксшысы тағы да қарсыласын сұлатып салды – видео  
Чемпион атанған қазақ боксшысы әлемдік рейтингте едәуір көтерілді
Батыр Жүкембаев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео
20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды — видео
Загрузка...