Жанқош Тұраров пен Мауро Годой жұдырықтасып жатыр

Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутпен жеңді видео

4134
Кәсіпқой боксшы елордада өткен жекпе-жекте WBO Inter-Continental титулын иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (23-0, 16 КО) аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (31-4-1, 16 КО) айқын басымдықпен ұтып, кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өткен бокс кешінде жартылай орта салмақта сынға түсетін Жанқош Тұраров аргентиналық боксшыға қарсы қолғап түйістірді. Бұл жолы WBO Inter-Continental титулы сарапқа салынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZSPORT TV (@qazsporttvkz)

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланғанмен, отандасымыз қарсыласын 3 раундта нокдаунға жіберді. Осыдан кейін аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғыстырудан бас тартты.

Осылайша, Тұраров WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуіне ие болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZSPORT TV (@qazsporttvkz)

Бұған дейін Жанқош Тұраров ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен (29-3-1, 23 КО) жұдырықтасып, оны айқын басымдықпен ұтқан болатын.

Айта кетсек, "Барыс Аренада" өткен бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек грузиялық Георгий Гачечиладзені техникалық нокаутпен жеңді.

4134
Кілт сөздер:
Жанқош Тұраров, жекпе-жек
Загрузка...