Спорт

Әлем чемпионы Қазақстанға келіп, Головкинді жекпе-жекке шақырды

© Fotobank.ru/Getty Images / Dan MullanБилли Джо Сондерс
Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондерс рингке шығып, Головкинмен "Барыс Аренада" жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Супер орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтандағы бокс кешіне келді, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жектердің бірі аяқталғаннан кейін Сондерс рингке шақырылды, ол қысқаша сөз сөйледі. Атап айтқанда, британдық экс-әлем чемпионы Геннадий Головкинмен әлі де жұдырықтасқысы келетінін жария етті.

"Қазақстандық жанкүйерлерге жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтамын. Мен осында, "Барыс Аренада" Головкинмен жұдырықтасқым келеді! Бұл тамаша жекпе-жек болады, осы мүмкіндікті пайдаланып, онымен осында, Қазақстанда кездессем деймін", — деп мәлімдеді Сондерс.  

Ол жақында Фрэнк Уорренмен және командасымен бірге бір үстелдің басына отырып, мәселені шешетінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады 

"Қайталап айтамын: Головкин сені жекпе-жекке шақырамын, сенімен "Барыс Аренада" кездескім келеді! Қазақстанның фанаттары керемет, олар бұл жекпе-жекті көруге лайықты!", — деп түйіндеді әлем чемпионы. 

Жаңалықтар
0