Дамир Рыспаев Сарыарқаға қарсы матч кезінде

"Бір ұрып, мұзға жықты": Дамир Рыспаев жолдастық кездесуде төбелес шығарды - видео

1305
"Номад" және "Сарыарқа" хоккей клубтары арасында өткен жолдастық кездесуде жанжал болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Елордалық "Номад" клубының қорғаушысы Дамир Рыспаев "Сарыарқа" командасының шабуылшысы Владислав Никулинмен төбелесіп қалды.

Рыспаев Никулинді бір ұрып, мұзға жықты, деп хабарлайды Sports.kz. Хоккейшілердің төбелесі видеоға түсіп қалған.

Кездесуде "Номад" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клубтан Дмитрий Преснов пен Ефим Мишкин шайбаны қақпаға дөп түсірсе, қарағандылық "Сарыарқадан" – Кирилл Галоха.

Тағы оқыңыз: Ресейдегі хоккей матчына келген Жозе Моуриньо ел алдында ұятқа қалды - видео

Соған қарамастан, матчтан кейін командалар буллиттер (айып соққысы – Sputnik) сериясын өткізіп, мұнда "Сарыарқа" командасының мерейі үстем болды.

Хоккейші Дамир Рыспаев қазақстандық тафгай ретінде белгілі, әсіресе, "Барыс" құрамында айшықты төбелестерімен көзге түскен.

1305
Кілт сөздер:
жолдастық кездесу, хоккей
Тақырып бойынша
"Барыстың" жеңісінен кейін жанкүйерлер айдынды қонжықтарға толтырды - фото
Тарихта алғаш рет: АҚШ-та 20 жастағы қазақ баласы команда капитаны болды
Ақтөбелік фанаттар жас хоккейшілерге шабуыл жасады – видео
Загрузка...