Геннадий Головкин

Головкинмен жұдырықтасудан тағы бір мексикалық бас тартты

857
(Жаңартылды 18:14 31.07.2019)
Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен кездесетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) тағы бір әлеуетті қарсыласынан айырылып қалды.

GGG өз жоспары бойынша қыркүйек айында Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі керек болатын, деп жазды Prosports.kz.

Ақпараттарға сенсек, Головкин бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) де келіссөздер жүргізген еді.

Тағы оқыңыз: Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне кім кедергі болғаны анықталды 

Алайда, бүгін мәлім болғандай Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен (29-2-2, 11 KO) жұдырықтастады. Варгас өзінің твиттерінде Мунгиямен өтетін келіссөздер туралы жиі жазып жүр. 

Айта кетейік, DAZN Альварестің қарсыласы ретінде Головинді емес, украиналық Сергей Деревянченконы құп көрген болатын.

857
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Головкин
Тақырып бойынша
Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болмайды: "Канело" мәлімдеме жасады
IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады
Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырды - мексикалық күтпеген жауап берді
Головкин Роллсты нокаутқа түсіргеннен кейін: Бұл үлкен сыйлық болды
Головкиннің бокс кешінде жеңілмеген мексикалық нокаутқа түсті – видео
Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек
Загрузка...