Саматбек Ізімғали

Жас қазақ палуаны әлем чемпионатында қарсыластарын қоғадай жапырды видео

4957
(Жаңартылды 18:51 05.08.2019)
Ақтөбелік палуан қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Болгарияның София қаласында кадеттер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында ақтөбелік Саматбек Ізімғали алтыннан алқа тақты. Осылайша, қазақстандық кадет араға бес жыл салып әлем чемпионы атанып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

17 жастағы Ізімғали 45 келіге дейінгі салмақта күресіп жүр. Алғашқы айналымда ол Еуропа чемпионы Фарид Садихлимен кездесті. Қазақ палуаны еркін қимылдап, бірінші болып әдісті іске асыра білді. Өзі бірде-бір рет қарсыластың айласына түскен жоқ. Төрешінің бір ескертуі болмағанда Саматбек әзірбайжандыққа ұпай бермейтін еді. Қорытынды есеп - 15:4.

Ал келесі жекпе-жекте Ізімғали үндістандық Харшуды 9:0-мен жеңді.

Осыдан кейін жартылай финалда ирандық Махди Ахади Зенабты да айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 7:0.

Финалда қазақстандық палуан өзбек Асадбек Бахромовқа қарсы шықты. Жекпе-жек бір минуттың ішінде аяқталды. Саматбек өз қарсыласын таза жеңіспен ұтты.

Айта кетейік, бұл чемпионатта қазақстандық кадеттер тағы екі қола медаль иеленген. Олар – Ербол Қамалиев пен Мақсат Сайлау. Ал Саматбек Ізімғали араға бес жыл салып кадеттердің қоржынына алтын медаль салып отыр. Осыдан бір ай бұрын ол Нұр-Cұлтанда өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын. Жас қазақ палуанының бапкері – Жарқын Тұрсынов.

4957
Кілт сөздер:
видео, әлем чемпионаты
Тақырып бойынша
Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутпен жеңді – видео
Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
Иван Дычко америкалық боксшыны "ұйықтатып" тастады - жойқын нокауттың видеосы
Қазақстан Универсиада ойындарында жеті медаль жеңіп алды
"Мұндайды алғаш рет көрдім": екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті - видео
Зілтемір

400 килограмдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды видео

939
(Жаңартылды 14:39 13.08.2020)
Спортшы алдағы екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін жүруді қайта үйренетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ресейлік спортшы Александр Седых Мәскеуде өткен Дүниежүзілік пауэрлифтинг федерациясының Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатып, қос тізесін бірдей жарақаттап алды, деп хабарлайды Lad Bible.

Спортшы зілтемірді иығына қойып отырып-тұру тапсырмасын орындау керек болған. Қалақшаларымен қоса есептегенде зілтемірдің салмағы 400 келіні құрады. Бастапқы кезде Седых тепе-теңдікті сақтап, өзіне ыңғайлы кезде сәтті отырды.

Алайда, орнынан тұрып жатқанда, спортшының қос тізесі салмақты көтеруде шыдас бермеді. 

Жан дауысы шығып, алға ұмтыла құлаған атлетке дәрігерлер бірден көмекке келді.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген спортшыға қос тізесінің буыны тайып, аяқ бұлшық етінің екі тұсы жарылған деп диагноз қойылған.

Алты сағатқа созылған операциядан кейін Седых өзіне тағайындалған емдеу процесі туралы айтты.

"Енді екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін қайта жүруді үйренетін боламын", – деді ол.

Ауыр атлет мансабын қайта жалғастыра ма, ол жағы әлі белгісіз.

939
Кілт сөздер:
зілтемірші, спортшы
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
"Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады
Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қандай қызметке тағайындалды
Атыраулық чемпионның өліміне қатысты тың дерек шықты
Бекман Сойлыбаев: Ломаченкомен жұдырықтасатын күн алыс емес
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

34
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

34
Архивтегі фото

Қостанайда жас қызға анайы ұсыныс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

0
(Жаңартылды 15:10 13.08.2020)
Қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қостанайда полиция жас қызға тиіскен белгісіз ер адамды іздеп жатыр. Қала тұрғындары WhatsApp арқылы күдіктінің фотосын таратып, сақ болуды сұрады, деп хабарлады өңірлік "Алау" басылымы.

Басылымның хабарлауынша, қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған.   

"Оқиға қаланың дәл орталығында болды. Шамамен 13 жастағы қызбен сөйлескен ер адамды байқап қалдық. Сырт көзге әдеттегі жағдай сияқты көрінді, алайда әйелім бұл жерде шикілік бар екенін байқады. Жанына жақын барып тоқтадық, ер адамның қызға сұлу екенін айтып, өзін сүюін сұрағанын естідік. Мен бірден қыздың жанына барып, ер адам жайлы сұрадым. Қыз оны танымайтынын айтты. Сосын оны бірден қуып жібердім, - дейді оқиға куәгері болған ер адам.

Қостанай облысының полиция департаменті қазіргі уақытта барлық жеке құрам осы ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Полиция бұл адамды тауып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бағдар полиция жасағына жіберілді", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Оралда оқушының соңынан үйге кірген қаскөй күтпеген жағдайға тап болды - видео

Құқық қорғаушылар облыс орталығының тұрғындарынан осындай оқиғаның куәгері болып жатса, бірден 102 нөміріне хабарласуын сұрады. 

0
Кілт сөздер:
педофил, Қостанай
Тақырып бойынша
Әкесі 13 жасар қызына тиіскен ер адамды жұрттың көзінше піштірді
Атырауда балаға қол жүгірткен ер адам ұсталды – видео
Алматы облысында қыз балаға қол жүгірткен жігіт табылды
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты