Тапанша ұстап тұрған ер адам

"Қайраттың" бұрынғы футболшысын атып өлтірді

1229
(Жаңартылды 13:15 12.08.2019)
Соңғы уақытта 27 жастағы спортшы "Коринтианс" клубында өнер көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Қайрат" шағын футбол клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньесті Бразилияның Эрешин қаласында атып өлтірді.

Соңғы уақытта 27 жастағы футболшы "Коринтианс" клубында өнер көрсеткен. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, команда "Атлантикомен"  Бразилия кубогы үшін кездесу өткізген. Бұдан кейін қаладағы түнгі клубқа барған.

Куәгерлердің айтуынша, Дуглас Нуньес пен "Коринтианстың" өзге ойыншылары түнгі клубта жанжалға араласып кеткен. Клубтан шыққан кезде олардың жанына көлік жақындап, оқ атқан. Салдарынан Дуглас Нуньес жарақат алып, көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Футболшы матч кезінде көз жұмды – қайғылы оқиғаның видеосы

Полиция қылмыскерді іздестіруге кірісті. Дуглас Нуньес "Қайрат" футбол клубында өнер көрсеткен болатын. Оның құрамында 2017 жылы Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА кубогында 3-орынға ие болды.

1229
Кілт сөздер:
футболшы, "Қайрат"
Тақырып бойынша
Олимпиада чемпионы тікелей эфирде есінен танып құлады – видео
"Астана" клубының Чемпиондар лигасындағы бірінші қарсыласы анықталды
Дзюдодан екі дүркін Қазақстан чемпионы 24 жасында көз жұмды
Ең көп табыс табатын жұлдыздардың есімдері жарияланды – фото
Денис Теннің ісі: сотталушы әйел полицейдің соққыға жыққанын мәлімдеді
Загрузка...