Спорт

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі он екінші қарсыласын жеңді

© Sputnik / Тимур БатыршинОткрытая тренировка на алматинском Арбате
Открытая тренировка на алматинском Арбате - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бокс кеші Ресейдің Челябинск қаласында өткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Бірде-бір рет жеңілмеген қазастандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) өзінің кәсіпқой рингтегі он екінші кездесуін өткізді.

Спортшы Ресейдің Челябинск қаласында Сергей Ковалев пен Энтони Ярдтың андеркардында өнер көрсетті. Олар WBO тұжырымдамасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекке шыққан болатын. Ковалев қарсыласын нокаутпен жеңіп, белбеуін қорғады, деп хабарлайды Sports.kz.

Ал Нұрсұлтанов ресейлік боксшы Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізді. Он раундқа жоспарланған орта салмақтағы жекпе-жекте жерлесіміз басым түсті. Төрешілер бірауыздан Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті деп шешті.

Тағы оқыңыз: Екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті - видео

Бұл - қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі он екінші жеңісі, бірде-бір рет жеңілмеген. Ал ресейлік спортшы осымен екінші рет ұтылып отыр.

Жаңалықтар
0