Геннадий Головкин

Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?

13055
(Жаңартылды 09:28 29.08.2019)
Танымал боксшы өмірі мен спорттағы карьерасы туралы америкалық радиоға сұқбат берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзін ресейлік боксшы деген журналистердің сөзін түзетіп, жауап берді.

Спортшы Fox News радиосына сұқбат берген болатын.

The Ashley Webster Experience бағдарламасы жүргізушілерінің бірі ресейлік боксшылардың мықты болатынын айтып, Головкинді де солардың қатарында атап өтті. Бағдарлама басталған кезде GGG Қазақстаннан екенін айтқан болатын.

"Мен ресейлік боксшы емеспін, Қазақстаннанмын. Қазақстан Ресей емес!", - деді Головкин.

Жүргізушілер оның "Кеңес одағынан" екенін айтты. Алайда қазақстандық боксшы "бұл өте ертеде" болды деп жауап берді.

Головкиннің жиырма бес минуттық сұқбаты 25 тамыз күні жарияланды. Ол өзінің балалық шағы, егіз бауыры және боксқа қалай келгені туралы айтты. Боксшы ағылшын тілін "керемет" білмейтінін айтып, мұғалім керек деп әзілдеді.

Тағы оқыңыз: "Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды

Жүргізушілер боксшының көпшілік алдында өзін қарапайым ұстайтынын атап өтті. Генадан ақшаны қалай ұстайтынын сұрады. Головкин өзінің табысын отбасына жұмсайтынын айтты.

Сұқбат кезінде спортшы тарихтағы үздік боксшыны атаудан бас тартты. Бәрінің өз стилі болды деді ол.

Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкин 5 қазан күні украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Олар IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін сарапқа салады. Кездесу Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді.

13055
Кілт сөздер:
сұхбат, боксшы, GGG, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
"Жақсылықты білмеді" Санчес Головкиннен не үшін бас тартқанын түсіндірді  
Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады  
"Бұрынғы Головкин емес". Шетелдік тілші боксшының карьерасы туралы болжам айтты
"Артаевқа жол берген..." Геннадий Головкин туралы қызықты деректер
Загрузка...