Чествование Хабиба Нурмагомедова в Махачкале

Хабибтен жеңілген Порье көз жасын тыя алмады жекпе-жектің видеосы

4665
(Жаңартылды 15:36 09.09.2019)
Дастин Порье жеңілістен кейін көз жасын тыя алмады, ал Хабиб әкесі мен командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьені жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы белбеуін қорғады. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды: Хабиб қылқындыру әдісін қолданды. 

Нурмагомедов-Порье жекпе-жегі Абу-Дабиде өтті. Үшінші раундта дағыстандық "Қыран" қарсыласын тізе бүгуге мәжбүр етті.

Бұл Нурмагомедовтің 28-ші жеңісі, ал америкалық "Гауһар" Порье алтыншы рет жеңіліс тапты, ол 25 жекпе-жекті жеңген.  

"Мен Дастиннің қайырымдылықпен айналысатынын білемін. Мына футболканы сатып, түскен қаражатты Дастин басқаратын қорға қайырымдылыққа беремін. Біз аралас жекпе-жектің не екенін және біздің спортта неге басымдық берілетінін көрсеттік. Бұл құрмет. Жетістік құрметтің арқасында ғана келеді", - деді Нурмагомедов жекпе-жектен кейін.

Ол әкесіне, жаттықтырушысы мен командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Порье жеңілістен кейін көз жасын тыя алмады.

"Мен өте жақсы дайындалдым. Үйге барып, отбасыммен бірге уақыт өткіземін. Осы спортта қол жеткізген жетістіктеріммен мақтанамын, бірақ қазір маған бәрін ойластыруға уақыт керек", -деп түсініктеме берді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)

Хабиб жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық титулын екінші рет қорғады. 2018 жылдың қазан айында ресейлік ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген болатын.

4665
Кілт сөздер:
видео, аралас жекпе-жек, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Макгрегор өзінің жүру мәнерін салған қазақ баласына жауап қайтарды  
Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады
Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті
Енді Қазақстанда UFC жекпе-жектері көрсетілмейді
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әкесімен күресті - видео
Загрузка...