Майк Тайсон

"2 минутта быт-шытын шығарды": Нокаутпен жеңген Елеусіновті Тайсонмен салыстырды

5908
(Жаңартылды 14:01 14.09.2019)
Данияр Елеусінов бүгін Нью-Йоркте америкалық Решард Хиксті бірінші раундта нокаутқа түсіріп, сегізінші жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. The Ring журналисі Райан Сонгалия қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновке карьералық өсудің жаңа деңгейіне көтеріліп, едәуір мықтылармен жұдырықтасатын кез келді деп санайды.

Бүгін Данияр Нью-Йоркте америкалық Решард Хиксті бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осы жекпе-жектен кейін шолушы Елеусіновті аты аңызға айналған Майк Тайсонмен салыстырды, деп хабарлады Sports.kz.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықты бірінші раундта сұлатып салды – видео 

"Данияр Елеусінов Майк Тайсон сияқты рингке "Welcome to the Terrordome" деген ұранмен шығады, ал екі минуттан кейін Тайсон сияқты жеңілмеген Решард Хиксті тас талқан етеді. Оған жоғарылайтын уақыт келді. Ол рейтингіге енуге және бәсекелестікке өтуге дайын", - деп жазды Сонгалия твиттерде.

Жекпе-жектің толық видеосы. 

5908
Кілт сөздер:
видео, нокаут, Майк Тайсон, Данияр Елеусінов
Тақырып бойынша
Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
Данияр Елеусінов жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
Загрузка...