Бекзат Нұрдәулетов

Әлем чемпионы атанған Нұрдәулетов Ла Крустың мәлімдемесіне жауап берді

3041
(Жаңартылды 11:57 10.10.2019)
22 жастағы боксшыны Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Марат Жәкиев жаттықтырады. Бекзат бокспен он жылдан бері айналысады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik, Дәурен Ерболат. Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов спортқа қалай келгенін, Кубаның даңқты боксшысын қалай жеңгенін, ендігі мақсаты қандай екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында айтты.

Екі дүркін Қазақстан чемпионы

Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылдың 10 сәуірінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Бокспен 2009 жылдан бері шұғылдана бастапты.

"11 жастан бастап, бокспен шұғылдана бастадым. Яғни Жаңаөзендегі Рахмет Өтесінов атындағы спорт кешенінде жаттықтым. Алғашқы бапкерім – Батырбек Жайлыбаев", - дейді спортшы балалық шағын есіне алып.

Ол 10-сыныпта оқып жүрген кезде спортта жоғары нәтижеге қол жеткізе бастайды. Осы уақытта Нұрдәулетов жасөспірімдер арасында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанады. Ал 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтады.

Қазіргі уақытта 22 жастағы Бекзатты ҚР еңбек сіңген бапкері Марат Жәкиев жаттықтырады. Ол 2005 жылда әлем чемпионы атаған Ердос Жаңабергенов пен Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовті дайындаған.

"Кувалда"

Әңгіме барысында Бекзат Нұрдәулетов өзінің лақап атына байланысты пікірін білдірді. Осыған дейін қазақстандық БАҚ-та 22 жастағы спортшыны достары жойқын әрі дәл соққылары үшін "Кувалда" деп атайтыны туралы ақпарат тарады.

Бекзат Нурдаулетов
© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары Бекзатты "Кувалда" деп атап кеткен

"Жақын араласатын достарым олай айтпайды. Менің ойымша, бұл газет-журналдардың өздерінің шығарғаны шығар", - деп ол қысқа жауап қайырды.

Левитпен жұдырықтасқан

Маңғыстаулық жас боксшы өткен жылы Қазақстан чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақта бағын сынаған. Бұл жарыста ол финалға дейін жетіп, төрт дүркін Қазақстан, екі дүркін Азия чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левитпен жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте тәжірибелі Левит жеңімпаз атанды. Ал биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

"Салмақ тастау ауыр болған жоқ. Себебі, менің салмағым 91 келіге жетпейтін. Сондықтан бапкерім екеуміз 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасамыз деген  шешім қабылдадық", - дейді қазақстандық спортшы.

Әлем чемпионатындағы жеңіс

22 жастағы қазақстандық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуін дұрыс қойылған тактика мен ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибенің ұштасуы деп біледі.

Сонымен қатар Нұрдәулетов жартылай финалда 4 дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының жеңімпазы, кубалық Хулио Сесар Ла Крусқа қарсы шаршы алаңға шықты. Ол жекпе-жек алдында еш қобалжымағанын, тек жаттықтырушының берген кеңесіне құлақ асқанын атап өтті.

"Ла Круспен ринкге шығардың алдында ешқандай қорқыныш болған жоқ. Ол да адам ғой. Сондықтан бұл жекпе-жекте уайымдаған жоқпын. Тек бапкерімнің айтқанын орындадым. Соның арқасында жеңіске жеттім", - деді ол.

Күтпеген мәлімдеме

Әңгіме барысында Бекзат кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крустың "Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында төрешілер әділетсіздік жасады" деген мәлімдесіне қатысты өз ойын айтты.

"Әрбір адам өз пікірін айтуға құқылы. Бұл жекпе-жекте 5 төреші отырды. Олар ақылдаса келе, өз шешімдерін шығарды. Сонымен қатар бұл жекпе-жекті көрермендер көрді деп ойлаймын. Сондықтан кім жеңгенін халық шешсін", - деді спортшы.

Алдағы жоспар

Сонымен қатар әлем чемпионы алдағы жоспарымен де бөлісті.

"Енді мақсатым – Олимпиадаға жолдама алып, көк туымызды желбірету. Ол үшін дайындалып жатырмын. Алдағы мақсат – Олимп шығын бағындыру", - деп түйіндеді сөзін Бекзат Нұрдәулетов.

3041
Кілт сөздер:
әуесқой бокс, боксшы, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Нұрдәулетовтен жеңілген Хулио Ла Крус күтпеген мәлімдеме жасады
"Тек қана алға!": Тоқаев сенсация жасаған Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады
"Алға, Бекзат!": 22 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионы атанды - видео
"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды

53
(Жаңартылды 15:13 27.05.2020)
Ол бұған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлады Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қызметке тағайындалды 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманы 2016 жылдан бері басқарып келген Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бақыт Ахметов туралы не білеміз?

Бақыт Ахметов 1979 жылы Шымкент қаласында туған. Азия чемпионы және қола жүлдегері (2004, 2007), Азия ойындарында алтын және қола жүлде (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

53
Кілт сөздер:
бас бапкер, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  
Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирде алтын медаль ұтты
Зілтемірші Майя Манеза істі болды
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео
Архивтегі фото

Бокстан Ресей құрамасы Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

29
Ресей ерлер командасы келесі айдың соңында Қазақстан құрамасымен бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресейдің бокстан ерлер құрамасы маусымның соңы мен шілденің басында Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

"Біз Қазақстандағы оқу-жаттығу жиынына ұшуды жоспарлап отырмыз, онда біз Қазақстан, Өзбекстан және Украинаның боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді", - деді бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық төрт боксшы Венгрияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты  

Сондай-ақ, жаттықтырушының айтуынша, жиын 22 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Жаттығудың соңғы бес күні жоғарыда аталған қарсыластармен ұрыс жаттығуы түрінде өтеді.

"Одан әрі 3-12 тамызда Сочиде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, арнайы жұмыс жүргіземіз. Біз оған Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Куба, Франция құрамаларын шақырғымыз келеді", - деп өз жоспарын жариялады Фархутдинов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында ұлттық құраманың карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарлағаны туралы жазылған болатын – ол мамырдың соңында басталуы керек.

29
Кілт сөздер:
оқу-жаттығулар, бокс
Тақырып бойынша
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Аида Балаева

Тоқаев Аида Балаеваға қандай тапсырма берді

12
(Жаңартылды 19:09 01.06.2020)
Кездесу барысында Аида Балаева министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Кездесу барысында Аида Балаева министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. 

"Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды", - делінген ақпаратта.

Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.

Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, президент жарлығымен 2020 жылдың 5 мамырында Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Дәурен Абаев атқарды. Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

12
Кілт сөздер:
Ақорда, министр, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Абаев Назарбаевтың қатты сынға алынған шешімі туралы айтты
Тоқаев жаңа ақпарат министрін тағайындады
Абаев қазақстандықтарға: жұмыс пен кредитті уайымдамаңыздар
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Біз барлығына дайын болуымыз керек - Абаев