Спорт

Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   

© Sputnik / Абзал КалиевПредседатель комитета по делам спорта и физической культуры министерства культуры и спорта Серик Сапиев на пресс-конференции "Психология спорта"
Председатель комитета по делам спорта и физической культуры министерства культуры и спорта Серик Сапиев на пресс-конференции Психология спорта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серік Сәпиев кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлаған, ал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отандасына қолдау көрсетуге уәде берген

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Sputnik Қазақстанға атақты боксшы Геннадий Головкиннің көмегінен қалай бас тартқанын айтып берді.

Головкиннен бас тартқан

Серік Сәпиев әуесқой рингте бірнеше рет жеңілгеннен кейін (көбінесе әділетсіз) кәсіпқой бокста карьерасын бастауды жоспарлағанын айтты. 2008 жылы оған қазақстандықтардың сүйікті боксшысы Геннадий Головкин қолдау көрсетуге уәде берген. Ол кезде GGG Германияда жаттығып жүрген, отандасын сонда шақырады.

"Ол кезде кәсіпқой боксқа шынымен де ауысқым келді, алайда жақындарымның қолдауының арқасында күш тауып, Олимпиада чемпионы атандым. Кәсіпқой бокста өзімді сынап көргенімде жақсы болар еді, дегенмен бәрі осылай болды, ештеңеге өкінбеймін", - деп мәлімдеді 2012 жылғы олимпиада чемпионы Sputnik-ке берген сұхбатында.

"Боксшы" фильмінің идеясы қалай пайда болды

Серік Сәпиев өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсіруді бокс федерациясы сонау 2013 жылы – Лондондағы ойындарда жеңіске жеткеннен кейін ұсынғанын айтады. Идеяны іске асыру процесі түсірілімге ақша іздеуге байланысты кейінге қалдырылыпты.

© Sputnik / Владислав Воднев"Томирис" фильмінің премьерасы
Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты    - Sputnik Қазақстан
"Томирис" фильмінің премьерасы

Сәпиев федерацияның ұсынысынан бас тартпағанын, бірақ картинаны түсіруге қаражат іздемегенін мойындады. Жобаны іске асыруды режиссер Ақан Сатаев қолға алды.

"Өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсірілгенін кім жаман көрсін. Фильмге синопсис жазу барысында мен өз өмірімдегі фактілерді айттым. Режиссерлер мен сценаристер көрермендерге қызықты болатын нақты сұрақтар қойды", - деді Серік Сәпиев фильмдегі жұмыс туралы.

Спорт комитетінің басшысы актерлік тәжірибесі мен білімінің жоқтығына байланысты фильмнің басты кейіпкерін ойнауға батылы жетпегенін айтады, дегенмен кадрда эпизодтық рөлден көрінуге қарсы емес.

Сәпиев фильмнің басты мақсаты спортта жетістікке жетуді армандайтын жастарды ынталандыру екенін айтады. Дегенмен фильм рингтегі қан мен тер жайында ғана емес. Көрермендер кейіпкер бастан кешірген драма мен махаббатты да көреді.

Бастапқыда қазақстандық "Боксшыны" 2020 жылдың шілдесінде өтетін Токио олимпиадасына дейін түсіру жоспарланған, дегенмен қазір жоба қашан іске асырылатыны белгісіз.

Режиссер Ақан Сатаев фильмнің басты кейіпкерін сомдайтын актерді әлі таппағанын мәлімдеді, сценарий жазу жұмысы жалғасуда. Болжам бойынша, түсірілім келесі жылдың басында басталады.

Сондай-ақ режиссер басқа танымал қазақстандық боксшылар, соның ішінде Геннадий Головкин мен Бекзат Саттарханов туралы да (2000 жылғы олимпиада чемпионы, сол жылы желтоқсанда жол апатынан көз жұмды – Sputnik) фильм түсіргісі келетінін айтты.

Жаңалықтар
0