Боксшы Василий Левит

Левиттің әлем чемпионатындағы жекпе-жегі: федерация қандай шешім қабылдады?

4311
Қазақстанның бокс федерациясының бапкерлер штабы Ресейде өткен әлем чемпионатының қорытындысын талдады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан — Sputnik. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында болған жағдайдан кейін бокстан ұлттық құрама команданың барша бапкеріне сөгіс жарияланды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бокс федерациясының бапкерлер штабы әлем чемпионатының қорытындысын талдады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит жартылай финалда эквадорлық боксшымен кездескен болатын. Төрешілер эквадорлық басым түсті деген шешім қабылдады.

Ережеге сәйкес, қазақстандық бапкерлер жекпе-жек аяқталған соң 60 секунд ішінде төрешілерге сары қағаз беруі тиіс. Алайда секунданттар мұны жасамаған. Ал рингке қайта оралған кезде кеш болды.

"Біз жеке бапкерлер мен федерация жетекшілігін шақырдық. Олардың өкілдігін бөліп бердік. Мұндай жағдайда кімнің не істеуі керек екені айтылды. Болашақта мұндай қателікті қайталамау үшін осылай жасап отырмыз", - деді Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президенті Юрий Цхай.

Бапкерлер штабы әлем чемпионатындағы нәтиже жаман емес деп отыр. 26 қараша күні – Сәкен Бибосынов, Санатәлі Толтаев, Әйбек Оралбай, Римма Волосенко бапкерлерімен бірге Жапониядағы турнирге аттанады. Бірақ оның нәтижесі Олимпиадаға іріктеу кезінде ескерілмейді.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео

Айта кетсек,  Олимпиаду-2020-ның лицензиялық турниріне дейін төрт ай қалды.

4311
Кілт сөздер:
бапкер, жекпе-жек, әлем чемпионаты, Василий Левит
Тақырып бойынша
Нұрдәулетовтен жеңілген Хулио Ла Крус күтпеген мәлімдеме жасады
"Өте ұят шешім": Қазақстан Левиттің жекпе-жегіне қатысты AIBA-ға хат жолдады
Айтжанов Қоңқабаевтың өзбектен жеңілу себебін түсіндірді
Әлем чемпионы атанған Нұрдәулетов Ла Крустың мәлімдемесіне жауап берді
Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

28
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

28
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2611
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2611
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0