Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі

Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

11683
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірінші раундтан-ақ жекпе-жектің ауыр болатынын түсінгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-1, 10 КО) қарсы жекпе-жек туралы айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин төрешілер шешімімен украиналық боксшыны жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Жекпе-жектен соң, қазақстандық боксшы жеңіске қалай жеткенін түсіндірді. Алайда Головкин қолына микрофонды алған сәтте зал шулап кетті. Соған қарамастан орта салмақтағы әлем чемпионы сөзін жалғастырды. Ол кездесудің ойдағыдай өтпегенін мойындады.

"Мен қарсыласыма шексіз алғысымды білдіремін. Оның командасы мықты. Менің назарым тек бокста болды. Бірінші раундтан соң, бұл кездесудің қиын болатынын түсіндім. Бүгін мен үшін сәтті күн болмағанын сезіп тұрмын. Фокусымды жоғалтып алдым. Ол батылдық танытты", - деді қазақстандық боксшы.

Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен қайта жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді.

"Мен оған жекпе-жекті қайта өткізу мүмкіндігін беруге дайынмын ба? Әрине, егер бұл DAZN және жанкүйерлер үшін маңызды кездесу болса. Сергейге және оның командасына алғысымды білдіремін", - деді ол.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-2-1,35 КО) жекпе-жекке дайын екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Головкин Деревянченконы жеңіп, әлем чемпионы атанды

"Канеломен" жекпе-жек? Мен барлығына дайынмын. Мықты чемпиондар көп. 37 жасымда да барымды салып еңбектеніп, жинақы болуым керек", - деді Головкин.

Айта кетейік,  2018 жылы Геннадий Головкин Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Сауль "Канело" Альварестен төрешілердің шешімімен алғаш рет жеңілген еді. Отандасымыз WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

11683
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Геннадий Головкин
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді видео

8881
(Жаңартылды 10:19 26.09.2020)
Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты, деп хабарлады Sports.kz.

Хамитов ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) айқасты.

Айта кетейік, жекпе-жек қарсаңында Қуаттың қарсыласы өзгерді: бастапқыда ол басқа ресейлік – Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.

8881
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, видео, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

240
(Жаңартылды 12:28 24.09.2020)
Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

240
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс, спорт
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі кезекті отырыстың бірі

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

6
Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжан мен Арменияны келіссөздерге оралуға шақырды. Алайда, Ильхам Алиев Арменияның Қарабақ келіссөзіндегі талаптарын қолайсыз деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы қақтығыс аймағында ауқымды соғыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіреді, делінген Қауіпсіздік кеңесінің талқылау қорытындысының тұжырымдамасында.

"Олар (Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Sputnik) күш қолдануды қатаң түрде айыптап, адам өліміне өкінетіндіктерін білдірді", – деді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абду Абарри.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын-ала шартсыз мәнді келіссөздерді бастауға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөліне толық қолдау білдірді.

Әзербайжан президенті "қолайсыз" шарттар туралы айтты

Баку Ереванның Қарабақ бойынша келіссөзде қолайсыз талаптарды алға тартып отырғанын мәлімдеді.

"Армения қолайсыз талаптар қою арқылы келіссөз процесін әдейі бұзады", – деді Әлиев "Россия 1" арнасының эфирінде.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения қарулы күштері шектесу сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Оның салдары азаматтық және әскери шығындарға ұшыратқан. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан тарапынан Қарабаққа әуе және ракеталық шабуылдар жасалған.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

6
Кілт сөздер:
БҰҰ, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады
Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді
Апатқа ұшыраған "Армения" кемесі: адам өлімі "Титаниктен" алты есе асып түседі
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді