Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко

Кеше біртүрлі жағдай болды Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды

6656
(Жаңартылды 09:05 07.10.2019)
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко екі әлем чемпионы белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жеттім деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йоркте екі әлем чемпионы белбеуі үшін болған жекпе-жекте танымал қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

"Жеңгенімді сеземін. Мұны бүкіл МСГ (Madison Square Garden) көрді, бүкіл әлем көрді. Өкінішті, кеше біртүрлі жағдай болды. Мені қолдап жатқандардың барлығына көп рахмет!" - деп жазды Деревянченко Instagram-да.

Кейінірек Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс титулдық жекпе-жек алдында шәкіртінің сырқаттанып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті – Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады 

Естеріңізге сала кетейік, Деревянченко бұл кездесуде бірінші раундта нокдаунға түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Головкин реваншқа дайын екенін мәлім етті.  

6656
Кілт сөздер:
Деревянченко, Головкин
Тақырып бойынша
Головкиннің жанкүйерлерінен не жасырғаны белгілі болды
Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді
Головкин Деревянченконы жеңіп, әлем чемпионы атанды
Екі боксшы да журналистер алдына шықпады: жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты
Деревянченко Головкиннен көп соққы жасады ма – жекпе-жектің көрсеткіші жарияланды
"Тағы да дәлелдеді": Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады
Загрузка...