Тимур Құлыбаев Қазақстанның бокс федерациясының конференциясында

"Мүдделер қайшылығы болмас үшін...": Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

7640
Кеңес Рақышев Қазақстанның бокс федерациясының президенті болып сайланды. Бұған дейін ол вице-президент болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның бокс федерациясы Тимур Құлыбаевтың басшылық қызметтен кеткені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Федерацияның экс-басшысы өз өкілеттілігін тапсыратынын жыл сайынғы конференцияда жариялады. Тимур Асқарұлы бұл шешімнің себебін де түсіндірді.

"Менің Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына қайта сайланғанымды жақсы білесіздер. Бұл – үлкен сенім. Спорт туралы заңға енгізілген өзгерістерден кейін ҰОК олимпиадалық спорт түрлері арасында бюджет қаражатын таратумен айналысады. Осы жұмыс бір жыл бойы атқарылып келеді. Енді, мүдделер қайшылығы болмас үшін мен Қазақстанның бокс федерациясының президенті өкілеттіліктерін тапсыруға шешім қабылдадым", - деді Құлыбаев.

Ол Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде спортты дамыту шараларына бақылау жасайтынын атап өтті.  

Конференция кезінде ұйымның басшылығына танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев сайланды. Бұған дейін ол федерацияның вице-президенті қызметін атқарып келді. Ал Тимур Құлыбаевқа отандық боксты дамытқаны үшін федерацияның құрметті президенті атағы табысталды.

Тағы оқыңыз: Светлана Жақыпова қызметінен босатылды

Оның айтуынша, 10 жылдың ішінде біраз шаруа атқарылды. Атап айтқанда, 2 Олимпиада чемпионы және 11 әлем чемпионы шықты. Қазақстандық боксшылар Вэл Баркер кубогын иеленді.

7640
Кілт сөздер:
бокс, Тимур Құлыбаев
Тақырып бойынша
Президенттің құпиясын айтып қойған көмекші жұмысынан кетті
Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты
Президент тағы бірқатар ауыс-түйіс жасады
Лондон қазағы шетелдегі қандастарымыз туралы ащы шындықты айтты
Монополияға қарсы комитет басшысы отставкаға кетті
Батыр Жүкембаев

Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды

3479
(Жаңартылды 15:01 12.09.2020)
Өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев 18 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған, ал Батыр Жүкембаев 14 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевқа (18-0, 14 КО) Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашевпен (18-0, 16 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Le Journal de Montreal мәліметінше, қазіргі уақытта Батыр бұл ұсынысты қарастырып жатыр. Жекпе-жек 19 қарашада АҚШ-та өтуі мүмкін деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Батыр Жүкембаев екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды – видео 

Бұған дейін Жүкембаев Америкадағы алғашқы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді – қазақстандықтың осыған дейінгі барлық кездесуі Канадада өткен болатын.

Батыр Жүкембаев соңғы рет қаңтар айында Монреалда жекпе-жек өткізді – ол екінші раундта мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа жіберді. Қазір "Үш жетілік" (777)  Мәскеуде жаттығып жатыр.

3479
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Батыр Жүкембаев, нокаут
Тақырып бойынша
Батыр Жүкембаев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео
Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
Канададағы бокс кешінде рингке шыққан Сабыров пен Жүкембаев айшықты жеңіске жетті
20 жастағы қазақстандық чемпион мексикалықты қалай нокаутқа түсірді – видео
Жойқын соққы: Батыр Жүкембаев қарсыласын қалай нокаутқа түсірді - видео
ММА  чемпионаты

Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео

2006
Төреші үшінші раундта жекпе-жекті бөлуге мәжбүр болды. Ресейлік техникалық нокаутпен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (14-4) ресейлік Владимир Минеевпен (13-1-1) кездесу өткізді. Жекпе-жек Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Спортшылар орта салмақтағы Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізген болатын. Минеев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ол Fight Nights Global-дың жаңа чемпионы атанды. Ресейлік спортшы үшін бұл кәсіби карьерасындағы он төртінші жеңіс. Ал Дәурен Ермеков ММА-де бесінші рет жеңіліп отыр.

2006
Кілт сөздер:
жекпе-жек, нокаут, видео, спорт
Тақырып бойынша
Ең жылдам нокаут: Бұрын жеңілмеген файтерді 5 секундта құлатты – видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Әйелінің сұлулығы себеп болды: спортшы күтпеген жерден жұмыссыз қалды – фото
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

0
(Жаңартылды 15:18 19.09.2020)
Оқиғаға куә болған басқа жүргізуші өрт сөндіру көлігі өзін басып озбақ болғанын, алайда сол қанатқа соғылып, содан кейін бірнеше рет аударылып түскенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда болды, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Апат куәгері, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Жандарбек Ақбасов отбасымен бірге қалаға қарай бара жатқанда өрт сөндіру көлігі басып озбақ болғанын айтты.

"Екі баламмен қалаға қарай бара жатыр едім. Өрт сөндіру көлігі бізді басып озбақ болып, сол қанатқа соғылды. Біз аударылып қала жаздадық, алайда көлікті дер кезінде туралай алдым, ал өрт сөндірушінің көлігі жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды. Қарсы жолда көлік келе жатты-ау деймін, бірақ ол оны күтпесе керек", – деді Жандарбек Ақбасов.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – оқиға орнында түсірілген видео

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 46 жастағы азаматтық қорғаныс старшинасы апат салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Деркөл ауылына бара жатқан. Ол салонда жалғыз болған.

0
Кілт сөздер:
жол апаты, өрт сөндіру көлігі
Тақырып бойынша
Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды
Алматыда үш бала мен олардың анасы жол апатына ұшырады
Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті
Елордалық полицейлер жол апатының көбею себебін айтты
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ