Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко

Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты

765
(Жаңартылды 11:32 10.10.2019)
Жекпе-жектен кейін Деревянченко мен Головкин АҚШ-тағы ең ескі госпитальдың біріне жеткізілді. Дәрігерлер екі боксшының денсаулығы қалыпты екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

The Athletic-тің дереккөзі Майк Коппинджердің айтуынша, жекпе-жектен кейін Деревянченко мен Головкин Bellevue Hospital Center ауруханасына жеткізілген. Бұл АҚШ-тағы ең ескі госпитальдардың бірі. Боксшылар ауруханадан жергілікті уақыт бойынша 6 қазан, жексенбі күні таңертең шыққан.

Дәрігерлер украиналық спортшының оң көзіндегі жарақатын таңып берген. Кейін оған МРТ жасалды. Тексеріс қорытындысына дәрігерлер алаңдаушылық білдірген жоқ. Деревянченконың жарасына он тігіс салынған. Ол таңғы 5:30-да медициналық орталықтан шықты.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Головкинге де магниттік-резонанстық томография жасалды. Жерлесіміз ауруханадан түнгі үш кезінде шыққан.

Еске сала кетсек, 5 қазан күні қазақстандық және украиналық боксшы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездесу өткізген болатын. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болды.

Кездесуден кейін екі боксшы да ауруханаға жеткізілді.

765
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, жекпе-жек, Деревянченко, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Головкинге рингке шығуға неге тыйым салынды?
Кеше біртүрлі жағдай болды – Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды
Деревянченко Головкиннен көп соққы жасады ма – жекпе-жектің көрсеткіші жарияланды
Головкиннің жанкүйерлерінен не жасырғаны белгілі болды
Деревянченко Головкиннің соққысының салдары ауыр болғанын мойындап таңғалдырды  
Загрузка...