Науқас, архивтегі сурет

Боксшы жойқын нокауттан кейін көз жұмды видео

2881
27 жастағы спортшы нокауттан кейін комаға түсіп, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшының миына шұғыл ота жасады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Америкалық боксшы Патрик Дэй нокауттан кейін комаға түсіп, 27 жасында көз жұмды. Қайғылы оқиға жайлы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) сайтында хабарланды.

Патрик Дэй өзінің жерлесі Чарльз Конвеллмен кездесу өткізді. Нокауттан соң боксшының жағдайы нашарлаған. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Боксшылар украиналық Александр Усик пен америкалық Чазз Уизерспун кездесуінің андеркардында жұдырықтасқан болатын.

Ауруханаға бара жатқанда Патрик комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер спортшының миына шұғыл ота жасады.

"WBC мен ұйым президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қазасына байланысты көңіл айтады. Ол 12 қазан күні бас-сүйек жарақатын алды. Патриктің жақындарының қайғысына ортақпыз", - деп жазылған WBC сайтында.

Патриктің қарсыласы да болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

"Мен ешқашан мұндай жағдайдың болғанын қаламадым. Мен тек жеңіске жеткім келді", — деді Конвелл.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

Патрик Дэй 22 кездесу өткізген, 17-сін жеңіспен (16 нокаут) аяқтады. Төрт жекпе-жекте жеңілді, біреуінде есеп тең болды.

2881
Кілт сөздер:
видео, нокаут, боксшы
Тақырып бойынша
Соңғы жекпе-жегіне дейін жеңілмеген боксшы нокауттан кейін көз жұмды
Боксшы нокауттан кейін комаға түсті – видео
Әлемге әйгілі боксшы қаза болды
"Мұндайды алғаш рет көрдім": екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті - видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді – видео
Загрузка...