Спорт

Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео  

© Photo : Предоставлено организаторамиБоец MMA Жалгас Жумагулов
Боец MMA Жалгас Жумагулов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутиновтың арасындағы жекпе-жек қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 Қазан – Sputnik. Ресейдің Сочи қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 95 турнирі өтті.

Оның басты жекпе- жегі қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутиновтың (19-6) арасында өтті. Бәске Жұмағұловқа тиесілі Fight Nights Global чемпионы титулы тігілді. Бес раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов өзінің чемпиондық титулын сәтті қорғап, кәсіби карьерасындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал бұрын UFC-де бағын сынаған ресейлік спортшы жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық спортшы мұрны сынса да, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады – видео

Әли Багаутиновтың төрешілердің шешіміне көңілі толмады.

"Шынымды айтсам, мамандардың барлығы менің жеңгенімді айтып жатыр. Төрешілердің шешімімен дауласпаймын, бірақ біз менің командаммен бірге апелляцияға береміз. Қалай болатынын көре жатармыз", - деді Багаутинов.

Жаңалықтар
0