Ольга Рыпакова

Тоқаев Қытайда алтын алған Рыпакованы құттықтады

136
(Жаңартылды 09:47 27.10.2019)
Қазақстандық танымал спортшы Ольга Рыпакова Қытайда өтіп жатқан жарыста 14,19 метрге секіріп, алтын алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады.

"Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі,биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға", - деп жазды президент Twitter-парақшасында.

Айта кетсек, қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда үш қарғып секіру жарысында 14.19 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында 13.78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонаро, 13.54 метрге қарғыған Доминикан спортшысы Люсии Хосе Тим үшінші орынға ие болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olga Rypakova (@olgarypakova_official)

Ольга Рыпакова Лондонда Олимпиадасында (2012) алтын, Пекин Олимпиадасында (2008) күміс, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарын (2016) қола медаль алған болатын.

136
Кілт сөздер:
Ольга Рыпакова, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Нұрпейісовке құрметті атақ берді
Спортшы қыздың хиджабы ұшып кетті: қарсыластарының әрекеті жұртты таңғалдырды
Беларустің сұлу спортшы қызы ММА жекпе-жегінде ауыр нокаутқа түсті – видео
Сәлемдесу кезінде қулыққа барған спортшы қыз оңбай таяқ жеді – видео
"Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс": Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді
"Соңғы сөзді айтады": Министр Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін айтты
Загрузка...