Қанат Ислам

WBO Қанат Исламның жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

2185
Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулын жеңіп алған болатын. Қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспегендер болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Қанат Исламның намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ол бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулын ұтты. Бұл жекпе-жектен соң WBO боксшыны рейтингте көтеретін болды.

"Ислам - WBO рейтингінде сегізінші орында, ол көтерілуі тиіс. Бұл Қанаттың үздік өнер көрсетуі емес, бірақ ол төрешілер шешімімен жеңіске жету үшін барын салды", - деп хабарлайды Sports.kz WBO-ға сілтеме жасап. 

Шешім дау тудырды

Қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспегендер болды. Әлеуметтік желіде пікір жазып жатқандардың көпшілігі бұл жолғы жекпе-жекте Қанат жеңіліп қалды деп есептейді, жеңісті Каутондокваға беру керек еді.

Айта кетсек, 35 жастағы Қанат Ислам үшін бұл 27-ші жеңіс. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Уолтер Каутондоква екінші рет жеңілді. Былтыр ол америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) өткен жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген еді.

2185
Кілт сөздер:
жеңіс, мәлімдеме, Қанат Ислам, WBO
Тақырып бойынша
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
"Бұл Қытай құрамасына үлкен соққы болды" Қанат Ислам туралы не білеміз?
Қарсыласын мазақ етіп тұрған боксшы жойқын нокаутқа түсіп қалды – видео  
Жекпе-жекте жеңіліп қалған боксшы бапкеріне жұдырық ала жүгірді - видео
Алматыда Қанат Ислам қарсыласын 10 секундта есінен тандырды – видео
Сабина Алтынбекова

Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты

88
(Жаңартылды 10:34 08.07.2020)
Италия құрамасының баспасөз қызметі спортшының әлеуметтік желілердегі танымалдығын атап өтіп, Сабина клубтың "бет-бейнесі" болатынын айтады

НУР-СУЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова италиялық "Волалто Казерта" командасымен келісімшартқа отырды.

Енді Алтынбекова келесі маусымда италиялық әйелдер бас лигасының А сериясында ойнайды. Оның келісімшарты екі маусымға жасалды.

"Алтынбековамен келісімшартқа қол қоюға спорт компонентінен басқа оның әлеуметтік желілердегі үлкен аудиториясы да себеп болды. Соның арқасында Сабина команданың "бет-бейнесіне" айналып, имиджін қалыптастырады", – деп хабарлады Италия құрамасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алтынбекова 2019 жылдың желтоқсан айында арабиялық "Аль-Васл" командасына ауысқан, бірақ жарақатына байланысты өнер көрсеткен жоқ. Ал оған дейін қазақстандық волейболшы "Алматы" командасы мен жапондық GSS Sunbeams клубында ойнаған.

Сабина Алтынбекова – 23 жасар қазақстандық волейболшы. Ол 2014 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін танымал болды. Қытайлық БАҚ-тың волейболшы қызға назары ауып, бірнеше күнде оның фотосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Бұл жағдай Сабинаға мыңдаған жанкүйерлер тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео

Қазіргі уақытта Сабина Алтынбекованың Instagram парақшасында миллионға жуық жазылушысы бар.

88
Кілт сөздер:
спортшы, волейбол
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео
Қазақстан волейбол бойынша Азия кубогінің 5-6 орындарына таласады
Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Гүл шоқтары

Белгілі қазақстандық комментатор өмірден өтті

4704
(Жаңартылды 12:18 05.07.2020)
Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында қайтыс болды, ақпарат және қоғамдық даму министрі марқұмның жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елге әйгілі спорт журналисі әрі комментатор, алматылық "Қайраттың" ардагері Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров хабарлады.

"Спорт журналистикасының мэтрі арамыздан кетті. Бүгін таңертең Диас Омаров дүниеден озды", - деді Ілияс Омаров.

Диас Омаров
Белгілі спортшы әрі комментатор Диас Омаров

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Бүгін қазақ журналистикасы тағы бір жарық жұлдызынан айырылды. Сексенге қараған шағында елге әйгілі спортшы, атақты футбол комментаторы Омаров Диас Ілиясұлы дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнап, спорт журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Диас Ілиясұлының өнегелі өмірі барша журналистер қауымына үлгі болып қалады", - деп жазды министр желіде.

Тағы оқыңыз: Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды

Қазақстанның футбол федерациясы да Омаровтың жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Диас Омаров 1940 жылы 20 қазанда дүниеге келген.

1959-1964 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" командасында ойнады.

1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" арнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеді.

4704
Кілт сөздер:
спорт комментаторы, футбол, спортшы
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда тыйым салынғанына қарамай қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

0
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

0
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады