Спорт

Шымкенттегі Азия чемпионатында жанжал шықты – видео

© Photo : СС0 / Marvin RheinheimerТаэквондо
Таэквондо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарысқа төрт жүзден астам спортшы келген. Алайда дәл чемпионат қарсаңында мұндай сайыс өткізетін орын табылмай қалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Шымкентте тхэквондодан Азия чемпионаты кезінде жанжал шықты. Дәл жарыс қарсаңында чемпионат өткізетін орын табылмай қалған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Екі күн болатын чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 400-ге жуық спортшы келді.

ITF тхэквондо федерациясының президенті Айдос Аманжоловтың айтуынша, жарысты өткізу үшін  жергілікті университеттің залы жалға алынған. Кейін оқу орнының басшылығы келісімнен бас тартыпты.

Бұдан соң ұйымдастырушылар спорт мектебімен келісті. Алайда турнир басталар кезде қатысушылардың бәрі далада қалды. Ешкім себебін түсіндірмеген.

Тағы оқыңыз: Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?

ITF тхэквондо федерациясының президенті бұл қасақана жасалған әрекет екенін айтып отыр. Ол бұған Шымкент және Түркістан облысы спорт бірлестіктері арасындағы бәсекелестік себеп болғанын алға тартты.

Жанжалдан соң чемпионат өткізетін орын табылды. Жарыс жеке оқу орнында өткізілді. Алайда шетелдік қатысушылар мұндай жайттан кейін Шымкентке жарысқа келмейтінін айтып отыр.

Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасында ITF тхэквондо федерациясы жарысты заңсыз өткізді деп отыр.

"Азия чемпионаты бір жыл бұрын жоспарланатын шара. Республикалық федерация, спорт комитеті, мәдениет және спорт министрлігі бірлесе аккредитациядан өткізеді. Федерация аккредитациядан өтпесе, мәдениет және спорт министрлігі мойындамады деген сөз. Бұл жарыстарда оқыс оқиға болып қалса, кім жауап береді?", - деді басқарма жетекшісі Әлібек Нұртай.

Қазақстанның тхэквондо федерациясы полицияға арыз жазған. Олар өздеріне жергілікті спорт қауымдастықтары қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтып отыр.

Жаңалықтар
0