Зульфия Чиншанло. Архивтегі фото

Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  

132
(Жаңартылды 18:05 02.11.2019)
Гродно қаласындағы жарыста қазақстандық Нижат Рахимов, Денис Уланов, Игорь Сон, Зульфия Чиншанло мен Екатерина Быкова өнер көрсетуде

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Зілтемірші Зульфия Чиншанло Беларусьте өтіп жатқан халықаралық турнирде үшінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 200 келіні бағындырды, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясы.

Спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. Атлет жұлқа көтеруде 85 келіні, ал серпе көтеруде 115 келіні бағындырды.

Тағы оқыңыз: Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Alexander Cup турнирі Гродно қаласында 1-5 қараша аралығында өтеді. Бұл Токиодағы Олимпиада ойындарына іріктейтін квалификациялық шара. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын басты спорт жарысына өту үшін үш жүзге жуық атлет бақ сынауда.

Қазақстандық ауыр атлеттер:

·         Нижат Рахимов - 81 кг дейінгі салмақ дәрежесі;

·         Денис Уланов - 81 кг дейінгі салмақ дәрежесі;

·         Игорь Сон - 55 кг дейінгі салмақ дәрежесі;

·         Зульфия Чиншанло - 55 кг дейінгі салмақ дәрежесі;

·         Екатерина Быкова - 71 кг дейінгі салмақ дәрежесі;

Зульфия Чиншанло үлкен спортқа 2018 жылы оралды. Ол екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Сондай-ақ, зілтемірші допинг дауы салдарынан 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалінен айрылған еді.

132
Кілт сөздер:
медаль, зілтемірші, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық зілтеміршілер Токиоға бара ма?
Илья Ильиннің карьерасына қауіп төнді: ол әлем чемпионатына қатыспайды
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

26
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

26
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2265
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2265
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Нұр-Сұлтан қаласында Абай бейнеленген мурал

Қазақстанда 10 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 10 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып жарияланды.

15.00 – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" сериясымен жарық көрген ұлы ақын туралы 12 кітаптың тұсаукесері өтеді.

14.00 – "Пандемия кезіндегі ТМД елдерінің киноиндустриясы" тақырыбында Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Ереван – Кишинев арасында өтетін бейнекөпір. Мәскеуден қатысушылар: Ресейдің халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко; "ВГИК-дебют" продюсерлік орталығының бас директоры, режисер Федор Попов; Ресейдің халық әртісі, С.А.Герасимов атындағы ЖМКИ актерлік шеберхана жетекшісі және оқытушысы Александр Михайлов; режиссер, актер Александр Цой. Шара аясында олар кино саласының өкілдері кездесетін қиындықтар мен ТМД студенттерінің ЖМКИ-ге қабылдау ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ, биылғы курсқа шеберлердің қабылдауы қалай өткенін баяндап, басқа сұрақтарға да жауап береді. Брифинг Sputnik Қазақстан сайтында, сондай-ақ агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар