Сауль Канело Альварес

Канело Ковалевтен тартып алған белбеуінен бас тартады

1423
(Жаңартылды 10:05 04.11.2019)
Сауль Канело Альварес жартылай ауыр салмақта чемпиондық белбеу иеленгеніне қарамастан, орта салмақта қалуды жөн көрді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварес орта салмаққа қайта оралып, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен жекпе-жекте жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартады, деп жазды Чемпионат.

Тағы оқыңыз: Канело Ковалевті нокаутқа түсірді

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Сауль Канело Альварес 36 жастағы ресейлік Сергей Krusher Ковалевті нокаутқа жіберді. Жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Ковалев үшін бұл жекпе-жек кәсіби карьерасындағы төртінші жеңіліс болды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Официальная страница (@boxing_title)

Бұған дейін Канело қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алған болатын. Қазіргі таңда бокс фанаттары Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті күтіп жатыр. 

1423
Кілт сөздер:
белбеу, Сергей Ковалев, Канело
Тақырып бойынша
"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек
Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырды - мексикалық күтпеген жауап берді
Боксшы Нұрсұлтанов АҚШ-та жеңіске жетті - видео
Сабина Алтынбекова

Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты

81
(Жаңартылды 10:34 08.07.2020)
Италия құрамасының баспасөз қызметі спортшының әлеуметтік желілердегі танымалдығын атап өтіп, Сабина клубтың "бет-бейнесі" болатынын айтады

НУР-СУЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова италиялық "Волалто Казерта" командасымен келісімшартқа отырды.

Енді Алтынбекова келесі маусымда италиялық әйелдер бас лигасының А сериясында ойнайды. Оның келісімшарты екі маусымға жасалды.

"Алтынбековамен келісімшартқа қол қоюға спорт компонентінен басқа оның әлеуметтік желілердегі үлкен аудиториясы да себеп болды. Соның арқасында Сабина команданың "бет-бейнесіне" айналып, имиджін қалыптастырады", – деп хабарлады Италия құрамасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алтынбекова 2019 жылдың желтоқсан айында арабиялық "Аль-Васл" командасына ауысқан, бірақ жарақатына байланысты өнер көрсеткен жоқ. Ал оған дейін қазақстандық волейболшы "Алматы" командасы мен жапондық GSS Sunbeams клубында ойнаған.

Сабина Алтынбекова – 23 жасар қазақстандық волейболшы. Ол 2014 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін танымал болды. Қытайлық БАҚ-тың волейболшы қызға назары ауып, бірнеше күнде оның фотосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Бұл жағдай Сабинаға мыңдаған жанкүйерлер тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео

Қазіргі уақытта Сабина Алтынбекованың Instagram парақшасында миллионға жуық жазылушысы бар.

81
Кілт сөздер:
спортшы, волейбол
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео
Қазақстан волейбол бойынша Азия кубогінің 5-6 орындарына таласады
Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Гүл шоқтары

Белгілі қазақстандық комментатор өмірден өтті

4622
(Жаңартылды 12:18 05.07.2020)
Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында қайтыс болды, ақпарат және қоғамдық даму министрі марқұмның жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елге әйгілі спорт журналисі әрі комментатор, алматылық "Қайраттың" ардагері Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров хабарлады.

"Спорт журналистикасының мэтрі арамыздан кетті. Бүгін таңертең Диас Омаров дүниеден озды", - деді Ілияс Омаров.

Диас Омаров
Белгілі спортшы әрі комментатор Диас Омаров

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Бүгін қазақ журналистикасы тағы бір жарық жұлдызынан айырылды. Сексенге қараған шағында елге әйгілі спортшы, атақты футбол комментаторы Омаров Диас Ілиясұлы дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнап, спорт журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Диас Ілиясұлының өнегелі өмірі барша журналистер қауымына үлгі болып қалады", - деп жазды министр желіде.

Тағы оқыңыз: Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды

Қазақстанның футбол федерациясы да Омаровтың жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Диас Омаров 1940 жылы 20 қазанда дүниеге келген.

1959-1964 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" командасында ойнады.

1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" арнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеді.

4622
Кілт сөздер:
спорт комментаторы, футбол, спортшы
Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев

COVID-19: Ресейлік мамандар бүкіл Қазақстандағы дәрігерлерге кеңес беріп жатыр

0
(Жаңартылды 15:02 09.07.2020)
Көрші елдің дәрігерлері қазақстандық әріптестеріне КОВИД-19 індетін емдеу тәсіліне қатысты барлық ақпаратты ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер төрт топқа бөлініп, өздері бекітілген ауруханаларда жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев айтты.

"Екі күнде көп жұмыс атқарылды. Бірінші күні біз жағдаймен және ауруханалармен таныстық, бүгін әріптестеріміз төрт топқа бөлініп, өздері бекітілген ауруханаларда толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Біздің ауруханаларға барып, жағдайы қиын науқастар бойынша кеңес беретін арнайы дәрігеріміз бар", - деді Гриднев.

Оқи отырыңыз: Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 2 миллион доллар бөлді 

Ол Одинцово облыстық ауруханасы анестезиология және реанимация орталығының басшысы Денис Цветковты мысал ретінде келтірді.

"Цветков – реаниматолог, ол бүкіл елдегі ауыр науқастарға бейнеконференция арқылы кеңес береді", - деп түсіндірді Олег Гриднев.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің басшылығы Ресей Федерациясындағы КОВИД-19 індетін емдеу тәсіліне үлкен қызығушылық танытып отыр – біз барлық ақпаратты ұсындық. Бауырлас қазақ халқына барынша көмектесуіміз керек", - деді Гриднев.

Ол сонымен қатар ресейлік дәрігерлер өңірлерге әзірге бармайтынын атап өтті.

"Өңірлерге келетін болсақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың әу баста бригаданы аймақтарға жібергісі келді. Бірақ қазір ол біздің дәрігерлеріміз осында (Нұр-Сұлтанда) көмектескенін қалап отыр", - дейді Ресей денсаулық сақтау вице-министрі.

Сонымен бірге, Гриднев қазақстандық дәрігерлердің біліктілік деңгейінің жоғары екендігін атап өтті – "дәрігерлер жақсы, бірақ жетпей жатыр" деп атап өтті ол. Дегенмен ұйымдастыруға қатысты мәселелер де бар екенін жасырмады.

Бұған дейін Қазақстанға Ресейден 32 маман келгені хабарланған болатын, олардың арасында реабилитологтар, жұқпалы аурулар мамандары, пульмонологтар, эпидемиологтар бар.  

0
Кілт сөздер:
дәрігер, Ресей
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маңғыстауда дәрігер тапшылығы қалай шешілуде: әкім жағдайды түсіндірді
"Төсекке лақтырды": Көкшетау тұрғыны науқастың қалай қайтыс болғанын айтты
Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді
Үйде емделген 17 мың адам сауығып шықты
Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды