Астана - Манчестер Юнайтед матчы

"Манчестер Юнайтедті" жеңген "Астананың" табысы жарияланды

666
"Астана" клубы елордада "Манчестер Юнайтед" клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. Ағылшын клубы астаналық футболшылармен кездесуге үшінші құрамын әкелді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында "Астана" ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубын жеңіп, табысын арттырды, деп хабарлайды Sports.kz.

"Астана" топтағы алғашқы ұпайын алды, бірақ үш балмен соңғы орыннан көтерілген жоқ. Үшінші орында келе жатқан сербиялық "Партизанның" қоржынында төрт ұпай бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Топтағы алғашқы жеңісі үшін "Астана" 570 мың еуро алады. Бұған дейін клубтың табысы 280 мың еуро болған. Мұны футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундына қатысқаны үшін алған болатын. Кейін Еуропа лигасының екінші раунды үшін тағы 260 мың, үшінші раунд үшін 280 мың еуро алды. Еуропа лигасының тобына енуі клуб бюджетін 2,92 миллион еуроға ұлғайтты. Сонымен "Астана" еуромаусымда 4,31 миллион еуро табыс тапты.

Тағы оқыңыз: "Манчестер Юнайтедтің" бапкері "Астанадан" неге жеңілгенін айтып берді – видео

Бұдан бөлек, астаналық футбол клубы маркетингтік сатылымнан үлесін алады. Бұл сома маусым аяқталғанда белгілі болады.

666
Кілт сөздер:
еуро, табыс, "Астана" футбол клубы, футбол
Тақырып бойынша
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   
Аңызға айналған футболшы физика заңын "бұзатын" голын қайталады – видео
"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото
Ешкім күтпеді: футболшы пенальтиден таңғажайып гол соқты – видео
Загрузка...