Спорт

Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 шахматшының қатарына енді

© Photo : пресс-служба Казахстанской федерации шахматШахматистка Динара Садуакасова
Шахматистка Динара Садуакасова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 2700chess.com әйелдер рейтингінде тоғызыншы орын иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан — Sputnik. 2700chess.com порталының онлайн-рейтингінің нұсқасы бойынша қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшысының қатарына енді, деп хабарлайды Қазақстанның шахмат федерациясы.

23 жастағы Динара Сәдуақасова бұл рейтингте шахматтан әлемнің он екініші чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костенюк пен блицтен әлем чемпионы, грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзеден озып кетті.

Тағы оқыңыз: Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

Рейтингте алғашқы екі орынды қытайлық шахматшылар Хой Ифань мен Чжу Венчжун алса, үшінші орынға үндістандық Хампи Конеру ие болды.

Динара Сәдуақасова - Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. Бұған қоса, елордалық шахматшы 2019 жылы Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ, беделді Grand Swiss турнирінің жеңімпазы әрі ЭЛО рейтингінде 2500 көрсеткішінен асып кеткен алғашқы қазақстандық шахматшы.

Жаңалықтар
0