Сауль Альварес пен Геннадий Головкин

Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

287
"Канело" немесе Головкинді Токио Олимпиадасының алдында Жапонияға келіп, Муратамен кездесуге келісетінін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Атақты промоутер Боб Арум орта салмақтағы WBA тұрақты чемпионы жапониялық Риота Мурата мен Геннадий Головкин арасында жекпе-жек ұйымдастырмақшы, деп жазды Prosports.kz.

Top Rank басшысы мұндай мәлімдемені Мурата 23 желтоқсан күні Йокогамада (Жапония) канадалық Стивен Батлерді жеңіп, титулын қорғап қалған соң жариялады.

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысының әкімі Головкинге қандай уәде берді? 

Оның айтуынша, келесі жылы орта салмақтағы IBF чемпионы Головкин немесе WBA чемпионы Альваресті Жапонияға шақырып, Муратамен жұдырықтастыруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша бұл жекпе-жек 55 мың адамға арналған "Токио Доум" стадионында, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары алдында өтуі мүмкін. 

"Біз "Канело" немесе Головкинді Токио Олимпиадасының алдында "Токио Доумда" Муратаға қарсы өте үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға шақыра аламыз деп үміттенемін. Екі боксшы да Жапонияға келіп, Муратамен кездесуге келісетінін айтқан. Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастырамыз", - деді Боб Арум. 

287
Кілт сөздер:
Головкин, Канело
Тақырып бойынша
Головкин промоутерімен кездесті: негізгі мақсат жария етілді
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді
Эдди Хирн: Мамырда Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегін өткізуге болады
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі: DAZN кездесудің уақытын таңдады  
Батыр Жүкембаев

Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды

3476
(Жаңартылды 15:01 12.09.2020)
Өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев 18 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған, ал Батыр Жүкембаев 14 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевқа (18-0, 14 КО) Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашевпен (18-0, 16 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Le Journal de Montreal мәліметінше, қазіргі уақытта Батыр бұл ұсынысты қарастырып жатыр. Жекпе-жек 19 қарашада АҚШ-та өтуі мүмкін деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Батыр Жүкембаев екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды – видео 

Бұған дейін Жүкембаев Америкадағы алғашқы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді – қазақстандықтың осыған дейінгі барлық кездесуі Канадада өткен болатын.

Батыр Жүкембаев соңғы рет қаңтар айында Монреалда жекпе-жек өткізді – ол екінші раундта мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа жіберді. Қазір "Үш жетілік" (777)  Мәскеуде жаттығып жатыр.

3476
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Батыр Жүкембаев, нокаут
Тақырып бойынша
Батыр Жүкембаев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео
Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
Канададағы бокс кешінде рингке шыққан Сабыров пен Жүкембаев айшықты жеңіске жетті
20 жастағы қазақстандық чемпион мексикалықты қалай нокаутқа түсірді – видео
Жойқын соққы: Батыр Жүкембаев қарсыласын қалай нокаутқа түсірді - видео
ММА  чемпионаты

Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео

2006
Төреші үшінші раундта жекпе-жекті бөлуге мәжбүр болды. Ресейлік техникалық нокаутпен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (14-4) ресейлік Владимир Минеевпен (13-1-1) кездесу өткізді. Жекпе-жек Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Спортшылар орта салмақтағы Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізген болатын. Минеев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ол Fight Nights Global-дың жаңа чемпионы атанды. Ресейлік спортшы үшін бұл кәсіби карьерасындағы он төртінші жеңіс. Ал Дәурен Ермеков ММА-де бесінші рет жеңіліп отыр.

2006
Кілт сөздер:
жекпе-жек, нокаут, видео, спорт
Тақырып бойынша
Ең жылдам нокаут: Бұрын жеңілмеген файтерді 5 секундта құлатты – видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Әйелінің сұлулығы себеп болды: спортшы күтпеген жерден жұмыссыз қалды – фото
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жарлыққа толықтыру енгізді

1239
(Жаңартылды 13:50 19.09.2020)
Мемлекет басшысының жарлығы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатуды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тексерулерге мораторий жариялау туралы жарлыққа толықтыру енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына мынадай толықтыру енгізілді:   

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

  • "12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.".

Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, президенттің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатты, оған мыналар қосылмайды:

1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін заң бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және  хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

5) Қазақстан Республикасы президентінің және Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

6) кедендік тексерулер;

7) қарсы салықтық тексерулер;

8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

11) жер қойнауын пайдаланушылар.

1239
Кілт сөздер:
жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: жаңа министрлікті құру үшін қанша ақша керек
Министр мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты өзгеріс жарияланды
Президент екі жаңа агенттік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды