Қолғап, архивтегі сурет

Қазақстандық спортшыны қытай жойқын нокаутқа түсірді видео

3716
(Жаңартылды 20:24 12.01.2020)
Жеңілірек салмақ дәрежесіндегі кездесу екінші раундта қытай спортшысының жеңісімен аяқталды. Ол аяқпен жойқын соққы жасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Айдын Көдеков (6-2) Мәскеуде өткен аралас жекпе-жектен Rebel Fighting Championship X турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол қытай файтері Шуо Ванмен (11-3) жекпе-жек өткізген болатын. Жеңілірек салмақ дәрежесіндегі кездесу екінші раундта Ванның жеңісімен аяқталды. Ол аяғымен жойқын соққы жасады. Көдеков жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Тағы оқыңыз: Он төрт қарсыласын жеңген қазақ боксшысы алғаш рет нокаутпен ұтылды – видео

Айдын Көдеков үшін бұл кәсіпқой кездесулердегі қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін ол алты жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Шуо Ван болса, ММА-дегі он бірінші жеңісіне жетті.

3716
Кілт сөздер:
ММА, видео, нокаут, қытай, Қазақстан, спортшы
Тақырып бойынша
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
"Егер оған адам шыдаса...": Елдос Сметов өміріндегі қиындықтар жайлы айтып берді
Төреші жекпе-жекті тоқтатты: Елеусінов қарсыласын жойқын нокаутқа түсірді - видео
Ең жылдам нокаут: Бұрын жеңілмеген файтерді 5 секундта құлатты – видео
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды

41
(Жаңартылды 15:13 27.05.2020)
Ол бұған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлады Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қызметке тағайындалды 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманы 2016 жылдан бері басқарып келген Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бақыт Ахметов туралы не білеміз?

Бақыт Ахметов 1979 жылы Шымкент қаласында туған. Азия чемпионы және қола жүлдегері (2004, 2007), Азия ойындарында алтын және қола жүлде (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

41
Кілт сөздер:
бас бапкер, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  
Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирде алтын медаль ұтты
Зілтемірші Майя Манеза істі болды
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео
Архивтегі фото

Бокстан Ресей құрамасы Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

23
Ресей ерлер командасы келесі айдың соңында Қазақстан құрамасымен бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресейдің бокстан ерлер құрамасы маусымның соңы мен шілденің басында Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

"Біз Қазақстандағы оқу-жаттығу жиынына ұшуды жоспарлап отырмыз, онда біз Қазақстан, Өзбекстан және Украинаның боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді", - деді бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық төрт боксшы Венгрияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты  

Сондай-ақ, жаттықтырушының айтуынша, жиын 22 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Жаттығудың соңғы бес күні жоғарыда аталған қарсыластармен ұрыс жаттығуы түрінде өтеді.

"Одан әрі 3-12 тамызда Сочиде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, арнайы жұмыс жүргіземіз. Біз оған Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Куба, Франция құрамаларын шақырғымыз келеді", - деп өз жоспарын жариялады Фархутдинов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында ұлттық құраманың карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарлағаны туралы жазылған болатын – ол мамырдың соңында басталуы керек.

23
Кілт сөздер:
оқу-жаттығулар, бокс
Тақырып бойынша
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

19
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

19
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады