Спорт

Макгрегор жеңісін қалай атап өтті – желіде видео пайда болды

© REUTERS / Mark J. RebilasМакГрегор нокаутировал Серроне
МакГрегор нокаутировал Серроне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 қаңтар күні UFC 246 турнирінің басты жекпе-жегі Макгрегор мен Серроне арасында өткен болатын. Ирландиялық сопртшы кездесуді небәрі 40 секундта нокаутпен аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені жеңген соң түнгі клубқа барды. Спортшының видеосын MMA Junkie өзінің Twitter-інде жариялады.

Видеода ирландиялықтың адамдардың арасында билеп жүргенін көруге болады. Кеш Лас-Вегас қаласындағы түнгі клубтардың бірінде өтті. Макгрегордің ішімдік ішіп-ішпегені туралы айтылмайды.

Тағы оқыңыз: Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео

Еске сала кетсек, кеше, 19 қаңтар күні UFC 246 турнирінің басты жекпе-жегі Макгрегор мен Серроне арасында өткен болатын. Ирландиялық спортшы кездесуді небәрі 40 секундта нокаутпен аяқтады. Бұл оның 22-ші жеңісі, төрт рет жеңілген.

Жаңалықтар
0