Спорт

Аты аңызға айналған спортшы мен 13 жасар қызы қаза болды - видео

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуЦветы и свечи, архивное фото
Цветы и свечи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы тікұшақ апатында тоғыз адам көз жұмды: бір пилот және сегіз жолаушы. Олар жаттығуға ұшып бара жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар — Sputnik. АҚШ-та тікұшақ апатынан аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант пен 13 жасар қызы Джианна Мария қаза болды. Спортшының төрт баласы бар еді, деп хабарлайды TMZ Sports.

Әуе апаты болған кезде олар достарымен бірге тікұшақпен жаттығуға бара жатқан. Тікұшақ таңертең, 26 қаңтар күні Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында құлады. Бортта барлығы тоғыз адам болған: бір пилот және сегіз жолаушы. Бәрі көз жұмды.

Джианна Марияның өлімін Лос-Анджелес қаласының мэрі Эрик Гарсетти растады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама қайғылы оқиғаға қатысты өзінің Twitter-інде жазба жариялады.

Тағы оқыңыз: Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды – видео

"Коби алаңның аңызы еді. Ол өзі үшін аса маңызды жұмысты енді қолға алған болатын. Джианнадан айырылу біз үшін өте қайғылы. Мишель екеуіміз Брайанттың отбасы үшін сыйынып, махаббатымызды жолдаймыз", - деп жазды Обама.

Жаңалықтар
0