Боксшы қолғабы

Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды

11265
Мексикалық боксшы бұған дейін жиырма қарсыласын жеңген. Алайда бұл жекпе-жекте жолы болмады. Қазақстандық спортшы оны өзінің отанында нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші кездесуін өткізді. 

Ол Мексиканың Тихуана қаласында тәжірибелі жергілікті боксшы Мауро Лоретомен (20-10-2, 8 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Құсайынов бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды. 

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

Абылайхан Құсайынов үшін бұл кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жек. Он кездесуі нокаутпен аяқталды. Ал мексикалық боксшы он бірінші рет жеңіліп отыр. 

Еске сала кетсек, өткен жылдың шілде айында Құсайынов үшінші раундта армян боксшысы Гарник Арутюнянді (3-2, 2 КО) жеңген болатын.

11265
Кілт сөздер:
нокаут, боксшы, видео
Тақырып бойынша
Соңғы жекпе-жегіне дейін жеңілмеген боксшы нокауттан кейін көз жұмды
Кәсіпқой боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын сүйіп алды – видео
Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді
Боксшы нокауттан кейін комаға түсті – видео
Екі боксшы да журналистер алдына шықпады: жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты
Загрузка...