Данияр Елеусінов

Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты

108
Қазақстандық боксшы намибиялық Джулиус Индонгомен жекпе-жек өткізеді, қазіргі уақытта титулға қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан — Sputnik. Данияр Елеусіновтің менеджері боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты.

Зия Әлиевтің айтуынша, қазір жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

Елеусіновтің келесі қарсыласы – бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО).

"Титул бойынша келіссөздер әлі жүргізіліп жатыр. Қандай ұйым болатынын білмейміз, мүмкін WBC, мүмкін WBO. Бұл мәселені алдағы уақытта талқылаймыз. Бірақ белбеу үшін тартыс болады, жекпе-жек 10 раундқа созылады", - деді Зия Әлиев.

Айта кетсек, Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында өткізген болатын. Ол кезде боксшы америкалық қарсыласы Алан Санчесті бесінші раундта нокаутқа жіберді.

Индонго соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың тамызында шықты, ол екінші раундта америкалық Карлтавиус Джонсонды нокаутқа түсірді.

108
Кілт сөздер:
Данияр Елеусінов
Тақырып бойынша
Төреші жекпе-жекті тоқтатты: Елеусінов қарсыласын жойқын нокаутқа түсірді - видео
Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді
Данияр Елеусінов жанкүйерлерін қуантты
Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
 Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықты бірінші раундта сұлатып салды – видео
Боксшы Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады
Загрузка...