Спорт

Василий Левитке Олимпиадаға жолдама берген жекпе-жектің видеосы жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневВасилий Левит-91кг. Тренировка сборной по боксу
Василий Левит-91кг.  Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Иорданиядағы квалификациялық турнирде Тәжікстандық боксшы Давлат Болтаевтан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық боксшы Василий Левит Аммандағы олимпиадаға квалификациялық турнирде өзінің бірінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Левит тәжікстандық боксшы Давлат Болтаевпен жекпе-жек өткізді. Левит қарсыласынан басым түсті. Төрешілер бірауыздан осындай шешім қабылдады. 

Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды

Бұл жеңіс Левитке Олимпиада-2020-ға жолдама берді. Өйткені ол лицензияға ие болған төрт боксшының қатарында.

Бұған дейін 2020 жылдың Олимпиадасына лицензияны 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов пен 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов алған болатын.

 

Жаңалықтар
0