Футболдан Еуропа чемпионатының ресми доптары

Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды

1253
Бразилиялық Роналдиньо парагвайлық бизнесмен әйел сыйға тартқан жалған төлқұжаттың кесірінен тергеу изоляторында отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз - Sputnik. Екі "Алтын доптың" иегері Роналдиньо тергеу изоляторында жарты жыл отыруы мүмкін.

Бразилиялық футболшы ағасымен бірге Парагвайда жалған төлқұжатпен ұсталды. Олардың айтуынша, құжатты екеуіне сыйға тартқан және жергілікті бизнесменнің шақыруымен ұшып келген.

Парагвайдың заңы бойынша жалған төлқұжат үшін айыппұл салынады немесе бір жылға соттайды.

Әзірге тергеу жүріп жатыр, ал бразилиялықтардан сегіз сағат бойы жауап алған. Оларды Парагвайға шақырған кәсіпкер әйел Далии Лопестің ұсталғаны да белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды

Судья Роналдиньоны тергеу кезінде бостандыққа шығарудан бас тартқан, өйткені ол "мемлекетке қауіп төндіретін қылмыс жасады".

Дегенмен, басты себеп басқа екенін бәрі түсініп отыр: ағалы-інілі бірден Бразилияға ұшып кетеді, ал ол жақтан  Парагвайға экстрадиция жоқ. Тіпті Роналдиньоны сот отырысына шақырту да мүмкін болмайды.

Рональдиньо
© Sputnik / Виталий Тимкив
Рональдиньо

Сот ағалы-інілі тергеу аяқталғанша қамауда отырады деген шешім шығарды. Тергеу алты айға созылуы мүмкін.

Бразилиялықтардың қорғаушысы соттың шешіміне шағым түсіре алады: медициналық құжаттар ұсынып, басқа судья сұрауға мүмкіндік бар.

1253
Кілт сөздер:
футболшы
Тақырып бойынша
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Спортшы шынтағымен жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео
Әйелінің сұлулығы себеп болды: спортшы күтпеген жерден жұмыссыз қалды – фото
Димашты Нью-Йорк әуежайында атақты америкалық спортшы қарсы алды
Айнала қан болды: ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді – видео
Аты аңызға айналған спортшы мен 13 жасар қызы қаза болды - видео
Загрузка...