Майк Тайсон

Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады

2965
(Жаңартылды 10:18 13.04.2020)
Компьютер сайысында Майктың кейіпкері Әлиді төрешілер шешімімен ұтты. Бірақ "Темір" Тайсон өмірде жұдырықтассақ, бәрі басқаша болушы еді дейді   

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. "Темір" Майк Тайсон Дүниежүзілік бокс супер сериясының (WBSS) виртуалды турнирінде Мұхаммед Әлиді жеңуіне қатысты пікір білдірді.   

Оқи отырыңыз: Майк Тайсон Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді

Компьютер сайысының финалында Майктың кейіпкері Әлиді төрешілер шешімімен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.   

"Бұл ақиқат емес екенін білемін. Мен қиял-ғажайып турнирде жеңіске жетсем де, нағыз шайқаста оны жеңе алмас едім. Әли – барлық уақыттағы ең ұлы боксшы", - деді Тайсон Yahoo Sports-қа берген сұхбатында.

2965
Тақырып бойынша
"2 минутта быт-шытын шығарды": Нокаутпен жеңген Елеусіновті Тайсонмен салыстырды
Майк Тайсон Головкин-Альварес жекпе-жегінде кімге жанкүйер болғанын айтты
Майк Тайсон Алматыдағы түнгі клубта болды
Мейвезер Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды

52
(Жаңартылды 15:13 27.05.2020)
Ол бұған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлады Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қызметке тағайындалды 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманы 2016 жылдан бері басқарып келген Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бақыт Ахметов туралы не білеміз?

Бақыт Ахметов 1979 жылы Шымкент қаласында туған. Азия чемпионы және қола жүлдегері (2004, 2007), Азия ойындарында алтын және қола жүлде (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

52
Кілт сөздер:
бас бапкер, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  
Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирде алтын медаль ұтты
Зілтемірші Майя Манеза істі болды
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео
Архивтегі фото

Бокстан Ресей құрамасы Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

26
Ресей ерлер командасы келесі айдың соңында Қазақстан құрамасымен бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресейдің бокстан ерлер құрамасы маусымның соңы мен шілденің басында Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

"Біз Қазақстандағы оқу-жаттығу жиынына ұшуды жоспарлап отырмыз, онда біз Қазақстан, Өзбекстан және Украинаның боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді", - деді бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық төрт боксшы Венгрияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты  

Сондай-ақ, жаттықтырушының айтуынша, жиын 22 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Жаттығудың соңғы бес күні жоғарыда аталған қарсыластармен ұрыс жаттығуы түрінде өтеді.

"Одан әрі 3-12 тамызда Сочиде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, арнайы жұмыс жүргіземіз. Біз оған Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Куба, Франция құрамаларын шақырғымыз келеді", - деп өз жоспарын жариялады Фархутдинов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында ұлттық құраманың карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарлағаны туралы жазылған болатын – ол мамырдың соңында басталуы керек.

26
Кілт сөздер:
оқу-жаттығулар, бокс
Тақырып бойынша
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

0
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

0