Олимпиада 2014. Фигурное катание. Мужчины. Произвольная программа

Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

118
Академияға әлемдік бапкерлерді тарту жоспарланып отыр. Татьяна Тарасова және Фрэнк Кэроллмен келіссөздер жүргізіліп жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы қыс маусымының басында ашылады.

Бұл туралы спорт және мәдениет министрлігі хабарлады.

Global Figure Skating академиясының жобасын Денистің өзі әзірлеген.

Спортшының анасы Оксана Тен мәдениет министрлігі, Алматы қаласы мәдениет және спорт басқармасымен бірлесе ұлының арманын жүзеге асырады.

"Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы Қазақстанда осы спорт түрін дамытудың бірыңғай орталығы болады. Алдағы уақытта тұжырымдамасы мен жұмсалатын қаржы анықталады", - деді министрлікте.

Академияға әлемдік бапкерлерді тарту жоспарланып отыр. Татьяна Тарасова және Фрэнк Кэроллмен келіссөздер жүргізіліп жатқаны хабарланды.

118
Кілт сөздер:
Алматы, Денис Тен
Тақырып бойынша
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Денис Тенді өлтіргендер үкімді естігенде қандай күйде болды - видео
Ресейде Денис Тен туралы фильм түсірілді
Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты
Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы
Зілтемір

400 килограмдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды видео

1524
(Жаңартылды 14:39 13.08.2020)
Спортшы алдағы екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін жүруді қайта үйренетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ресейлік спортшы Александр Седых Мәскеуде өткен Дүниежүзілік пауэрлифтинг федерациясының Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатып, қос тізесін бірдей жарақаттап алды, деп хабарлайды Lad Bible.

Спортшы зілтемірді иығына қойып отырып-тұру тапсырмасын орындау керек болған. Қалақшаларымен қоса есептегенде зілтемірдің салмағы 400 келіні құрады. Бастапқы кезде Седых тепе-теңдікті сақтап, өзіне ыңғайлы кезде сәтті отырды.

Алайда, орнынан тұрып жатқанда, спортшының қос тізесі салмақты көтеруде шыдас бермеді. 

Жан дауысы шығып, алға ұмтыла құлаған атлетке дәрігерлер бірден көмекке келді.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген спортшыға қос тізесінің буыны тайып, аяқ бұлшық етінің екі тұсы жарылған деп диагноз қойылған.

Алты сағатқа созылған операциядан кейін Седых өзіне тағайындалған емдеу процесі туралы айтты.

"Енді екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін қайта жүруді үйренетін боламын", – деді ол.

Ауыр атлет мансабын қайта жалғастыра ма, ол жағы әлі белгісіз.

1524
Кілт сөздер:
зілтемірші, спортшы
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
"Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады
Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қандай қызметке тағайындалды
Атыраулық чемпионның өліміне қатысты тың дерек шықты
Бекман Сойлыбаев: Ломаченкомен жұдырықтасатын күн алыс емес
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

38
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

38
Төбелес, иллюстративті фото

"Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген": Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

139
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

139
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді