Мәскеу олимпиадасы - 1980 жыл

Sputnik "Мәскеу–80: ретро-tube" жобасын таныстырды

39
(Жаңартылды 12:55 21.07.2020)
Пандемия кезінде шектеу енгізіліп, жоспарланған олимпиаданың 40 жылдық мерейтойы Мәскеуде өтпейтін болды. Алайда агенттіктің арнайы жобасы оның орнын толтырды. Халықаралық олимпиада комитетінің құрметті мүшесі Виталий Смирнов Sputnik  жобасына осындай баға берді

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik, Данара Курманова. Жиырмасыншы шілдеде, осыдан 40 жыл бұрын КСРО-да Олимпиада–80 спорт ойындарының бөлігі басталған күні Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы "Мәскеу–80: ретро-tube" арнайы жобасының басталғанын жариялады. Осыған байланысты "Россия сегодня" халықаралық баспасөз орталығында "Олимпиада өткен Мәскеу тарихы" конференциясы өтті. 

Іс-шараға олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мүшесі Виталий Смирнов, Мәскеу қаласында жарысты түсірген фотограф Сергей Гунеев және Кеңес құрамасының бірнеше олимпиада чемпионы бейнебайланыс арқылы қатысты. 

Сонымен қатар видео арқылы кездесуге америкалық семсерші Фил Райли қосылды. Ол олимпиадаға қатысуды армандаған, бірақ АҚШ тарапынан бойкот жариялауына байланысты КСРО-ға келе алмады.

Пресс-конференция К 40-летию летних Олимпийских игр 1980: истории олимпийской Москвы
© Sputnik / Владимир Трефилов
Олимпиада ойындарының 40 жылдығына арналған "Олимпиада өткен Мәскеу тарихы" конференциясы

Пандемия кезіндегі Sputnik-тің арнайы жобасы олимпиаданың 40 жылдығына арналған салтанатты жиынның орнын толықтырды. Бұл туралы Ресей олимпиада комитетінің құрметті президенті және Халықаралық олимпиада комитетінің құрметті мүшесі, Мәскеу олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Виталий Смирнов мәлімдеді. Өйткені, Мәскеуде олимпиаданың мерейтойын кең дәрежеде атап өту жоспарланған болатын.

"Біз президент Владимир Путинге осындай ұсыныспен жүгіндік. Ол біздің бастамамызды қолдап, Мәскеу мэрі Сергей Собянинге тапсырма берді",– деді Смирнов.

"Біз Мәскеуге көптеген қонақ, оның ішінде спортшыларды, федерация президенттерін шақыруды жоспарладық. Толық ұйымдастыру комитетін құрдық, бірақ індет бәріне кедергі болды",– дейді ол.

Почетный президент Олимпийского комитета России, почетный член МОК Виталий Смирнов
© Sputnik / Владимир Трефилов
Ресей олимпиада комитетінің құрметті президенті Виталий Смирнов

Дей тұрғанмен, "Мәскеу–80: ретро-tube" арнайы жобасының арқасында олимпиадада медаль жеңіп алғандарға екі апта онлайн форматта құрмет көрсетіледі. Sputnik тек оларға ғана емес, сонымен қатар жарыстарды ұйымдастыруға қатысқан қатардағы адамдарға, оның ішінде экскурсоводтарға, аудармашыларға, қоғамдық тамақтану қызметкерлеріне және 1980 жылы өткен олимпиаданы тарихта үздік ойындардың бірі еткен көптеген азаматқа да назар аударды.

"Бұл теңдесі жоқ оқиға болды", – деді Виталий Смирнов. "Біз жүздеген мың шетел азаматын қабылдауымыз керек болды. Ал Мәскеудің қонақ үй қоры 40 мың орынға есептелген. Олимпиада–80 ел үшін шапшаңдатқыш болды. Мәскеуге әуежайдың жаңа терминалы қажет болды, нәтижесінде "Шереметьево–2" салынды. Ленинград, Таллин, Минск, Киев (жарыстың бір бөлігі осы қалаларда өтті) қалалары дамыды. Нәтижесінде ойын өте жоғары бағаға ие болды".

Жеке мәліметтер

Sputnik арнайы жобасы Олимпиада–80 ойындарының құпияларын ашады. Мысалы, медаль алған жеңімпаздар алғаш рет өздерінің жүлделі сыйақыларын қайда жұмсағанын айтты. Төрт дүркін олимпиада чемпионы, Бүкілресейлік жүзу федерациясының президенті Владимир Сальников автокөлік сатып алғанын еске алды.

Владимир Сальников
© Sputnik / Юрий Сомов
Владимир Сальников

"Үш медальмен өзіме экспорттық модификациядағы "Жигули" алу мүмкіндігіне ие болдым және 20 жасында жеке көлік алғанымды мақтан тұттым",– дейді ол.

Кеңес құрамасында Украин КСР-і атынан шыққан олимпиада чемпионы Александр Сидоренко да әкесіне көлік сатып алғанын айтты.

"Ол "Волга" алуды армандады. Сол себепті сыйақымды әкеме бердім. Ал Украина өз қаржысына "Волга" сатып алуға талон берді",– дейді Сидоренко.

Жүзгіш Сергей Фесенконың айтуынша, алтын медаль алған кезде бастапқыда не болып жатқанын түсінбегенін айтты. Себебі допингке тексеру үшін ұзақ уақыт спорт нысанынан кете алмады.

"Мен олимпиада ауылына келіп, ұйықтап қалдым да, таңғы төртте "не істедім?" деген сезімнен ояндым",– деп еске алады ол.

"Сергейдің жеңісін біз онымен бірге де, өзі жоқ кезде де тойладық. Себебі жүзгіштер арасындағы алғашқы алтын медаль бізге сенімділік берді, бәрінің мүмкін екеніне сендірді",– дейді Владимир Сальников.

Жаңа мүмкіндіктер

Әлі күнге дейін "Россия сегодня" ХАА-де жұмыс істеп келе жатқан танымал фотограф Сергей Гунеев жарыстан бірегей кадрларды түсіруге не көмектескенін айтып берді.

Өзінің ең танымал "Кедергілер арқылы жүгіру" фотосын түсіру үшін Гунеев бір жыл дайындалған. КСРО халықтарының жазғы спартакиадасының барысын түсіріп жаттыққан.

"Қауіпсіздік қызметі және жарыстың бас төрешісімен келісу қажет болды. Камера кедергі астында тұрды. Ол спортшыларға кедергі келтірмейтін еді, құлап қалмасы да анық еді. Алайда, сөйлесуге екі күн кетті. Жарыс күні мен камераны түзеп, өзім шетке шықтым. Пленкада 36 кадр болса, ішінде 33-ші кадр сәтті шықты",– деді ол.

Бег с препятствиями на Олимпиаде в Москве
© Sputnik / Сергей Гунеев
Мәскеу олимпиадасындағы кедергілер арқылы жүгіру

Бірегей масштаб

Арнайы жоба аясындағы жарияланымдар форматы әртүрлі мәтіннен бастап видеороликтерге дейін болады. Бірақ әрбір материал есте қаларлық фишкаға бай. Мысалы, "Мәскеу–80"сериалында бірден төрт жүргізуші бар – "Матч ТВ" телеарнасының баспродюсері Тина Канделаки, спорт комментаторы Дмитрий Губерниев, жазушы Дмитрий Пучков және саяхатшы-блогер Михаил Ронкаинен қатысады.

Олимпиаданың қауіпсіздігін қамтамасыз етушілерге арналған жобаның бірінші сериясын қазір көруге болады. 

Мини-сериалдың басқа бөлімдері олимпиада ойындарының КСРО-дағы сәнге әсер етуіне, жарыстарға жұмсалған шығын мен олимпиада өткен Мәскеу тұрмысы мен атмосферасы жайында болады.

Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты "Мәскеу–80: ретро-tube" жобасының басталуына арналған конференция онлайн форматта өтті. "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Андрей Благодыренко оқшаулау режимінің жоба дамуына ықпал еткенін атап өтті. 

Заместитель главного редактора МИА Россия сегодня Андрей Благодыренко
© Sputnik / Владимир Трефилов
"Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Андрей Благодыренко
"Бұл жоба бүгін таяу шетелдегі 13 сайтта басталды. Жобаға Мәскеу және Ұлттық редакциялардағы көптеген қызметкер жұмыс істеді. Біз не айтқымыз келді? Ең алдымен үлкен елдің 40 жыл бұрын қалай өмір сүргенін көрсеткіміз келді. Бұл тек спорт жайлы емес, сол кездегі атмосфера жайлы болады: Олимпиададан кейін ел қалай өзгерді және оны өткізуге Кеңес республикалары қандай үлес қосты",– деді Андрей Благодыренко.

"Қазірдің өзінде 13 редакция олимпиада туралы 200 материал дайындады",– деп атап өтті Благодыренко. Алайда жобаның соңына қарай, 3 тамызда олардың саны 250-ден асады.

1980 жылғы жазғы олимпиада ойындары 19 шілде мен 3 тамыз аралығында КСРО астанасы Мәскеуде өтті. Жарыстың бір бөлігі Кеңес Одағының басқа қалаларында, атап айтсақ, Таллин, Киев, Ленинград және Минскіде өтті. Бұл Шығыс Еуропа аумағындағы алғашқы олимпиада ойындары болды.

39
Кілт сөздер:
спорт, Мәскеу, олимпиада
Зілтемір

400 килограмдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды видео

1702
(Жаңартылды 14:39 13.08.2020)
Спортшы алдағы екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін жүруді қайта үйренетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ресейлік спортшы Александр Седых Мәскеуде өткен Дүниежүзілік пауэрлифтинг федерациясының Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатып, қос тізесін бірдей жарақаттап алды, деп хабарлайды Lad Bible.

Спортшы зілтемірді иығына қойып отырып-тұру тапсырмасын орындау керек болған. Қалақшаларымен қоса есептегенде зілтемірдің салмағы 400 келіні құрады. Бастапқы кезде Седых тепе-теңдікті сақтап, өзіне ыңғайлы кезде сәтті отырды.

Алайда, орнынан тұрып жатқанда, спортшының қос тізесі салмақты көтеруде шыдас бермеді. 

Жан дауысы шығып, алға ұмтыла құлаған атлетке дәрігерлер бірден көмекке келді.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген спортшыға қос тізесінің буыны тайып, аяқ бұлшық етінің екі тұсы жарылған деп диагноз қойылған.

Алты сағатқа созылған операциядан кейін Седых өзіне тағайындалған емдеу процесі туралы айтты.

"Енді екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін қайта жүруді үйренетін боламын", – деді ол.

Ауыр атлет мансабын қайта жалғастыра ма, ол жағы әлі белгісіз.

1702
Кілт сөздер:
зілтемірші, спортшы
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
"Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады
Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қандай қызметке тағайындалды
Атыраулық чемпионның өліміне қатысты тың дерек шықты
Бекман Сойлыбаев: Ломаченкомен жұдырықтасатын күн алыс емес
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

40
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

40
Шәмші Қалдаяқовқа музей ашылды

Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовқа музей ашылды

0
Шәмші музейі жас композиторлар мен әншілер тәу ететін зиярат орнына айналуы тиіс, деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовқа арналған Қазақстандағы алғашқы музей ашылды. Бұл шара композитордың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Қалдаяқов туып-өскен Отырар ауданында өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Музейдің ашылу салтанатына өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев қатысты. Ол Шәмшіге арналған музей демеушілер есебінен ашылғанын айтып өтті. 

"Бүгін айтулы мереке. Түркістан облысына келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде оған арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті біздің бүкіл республикада "қазақ вальсінің короліне" арналған бір де бір музей жоқ. Аз уақыт ішінде кеткен кемшіліктің орнын толтыру үшін тапсырма беріп, демеушілер есебінен Шәмші музейін ашуды қолға алдық", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның пікірінше, Шәмші музейі Жидебайдағы Абай музейі секілді жас композиторлар мен әншілер тәу ететін зиярат орнына айналуы тиіс.

Музей ішінде композитордың қолданған бұйымдары, саз шығаруға сеп болған мандолина секілді құнды жәдігерлер бар. Қазақстанның Ұлттық музейі Шәмші музейінің ашылуына орай композитордың бас киімін тарту етті.

Айта кетейік, Түркістан облысының орталығындағы жаңа музыка мектебіне Шәмші Қалдаяқов есімі берілді. Сонымен қатар музыка мектебінің алдында композитордың ескерткіші бой көтереді. Түркістан қаласындағы көшелердің біріне сазгердің есімі берілді.

0
Кілт сөздер:
музей, Шәмші Қалдаяқов
Тақырып бойынша
Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен бес жыл бұрын не туралы сөйлесті – видео
Қазақтың танымал тұлғаларының есімі қандай мағынаны білдіреді?
Мұхтар Шаханов бүгін 78 жасқа толды: жазушы туралы қызықты деректер